$ 498.34  519.72  4.85

Наурызбай ауданында медицина мен білім салаларының дамуы қарқын алды

Бүгін Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінде Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденов журналистермен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері бойынша біршама ақпараттарымен бөлісті.

Аудан әкімі бұл жолғы есебін «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының жолдауын жүзеге асырылуы мақсатында ұйымдастырған.

– 2017 жылы 3 084 700 000 теңге бөлінді, ағымдағы жылдың 30 қарашадағы ақпаратқа сәйкес, игерілім 2 818 939 881,79 теңгені (91%) құрады. Салық түсімдері 3 жыл ішінде 391 миллион теңгеден 5 миллиард теңгеге дейін өсті, соның ішіндеРеспубликалық бюджет 90 млн.теңгеден 2 млрд. теңгеге дейін және жергілікті бюджет 300 млн. теңгеден 3,3 млрд. теңгеге дейін. Қазіргі уақытта аудан аумағында 15 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеуде, - деді Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.

Аудан әкімі 2017 жылдың 11 айы, әрі аудан ашылған 3 жылдың ішінде атқарылған жұмыстармен қатар күрделі тақырыптарды да сөз етті.

– Тұрғындарды ауыз сумен қамту  түйткілді мәселелердің бірі болып отыр. Су желілерінде жылына 300 апат болады. Су жетіспейтініне тұрғындар наразы. Су желісін жүргізу бойынша жоба әзірленді. Осы жылдың аяғы мен алдағы жылдың басында мемлекеттік сараптамаға беріледі. Қарғалы, Ақсау өзендерінің басында су тазалау стансасы салынады. «Барлық» базары жанында үлкен ұңғарнама қазу жұмыстары жүріп жатыр. Ауданда 2014 жылдан бері 118 шақырым жол салынды. Кейбір елді мекендерге алдағы уақытта су желілері үшін қазба жұмыстары жоспарланып отырғандықтан асфальт кірмей отыр, - деді Сайран Тәпенұлы.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуде Қалқаман-1,2,3 және Алты-Алаш шағынаудандарын қамтитын, жалпы ұзындығы 203 шықырым  жаңа су және кәріз құбырының құрылысы аяқталған. Сонымен қатар, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында «Западная-1» және «Западная-2»2 су тоғанының құрылысы аяқталған.

Сондай-ақ, аудан әкімі Наурызбай ауданындағы медицина, білім саласына кеңірек тоқталды. Аудан әкімшілігінің аумағынан бір аурухана мен бір мектептің құрылысы жүріп жатқанын тілге тиек етті.

– Ауданымызда 13 337 оқушыны қамтитын 14 мектеп бар. Оның сегізі мемлекеттік -  12055 баланы қамтып отыр.  Және 3-мектеп-гимназия, 4 жалпы білім беретін мекеме 1-мектеп интернат бар. Назарбаев зияткерлік мектебінің де біздің ауданда орналасқанына мақтанамыз. Аталмыш мектеп ауданымыздың ғана еемс, қала бойынша білімге құштар зерек балаларды оқытып отыр. Сонымен бірге, ауданымыздың ҰБТ-дағы орташа көрсеткіші 80-нен жоғары. Бұл үш жыл бұрынғымен салыстырғанда 4-5 балға жоғарылаған нәтиже, - деді аудан әкімі.

Жиын барысында Сайран Тәпенұлы кәсіпкердермен де тығыз жұмыс жасап жатқандарын айтты. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, мемлекет басшысының тапсырмасымен олардың кәсібін қолдауға қолдан келгенше көмек беріп келеді екен. Нәтижесінде ауданда кәсіпкерлер ашқан жекеменшік балабақшалар саны артып, мемлекетке пайда әкелуде.

– Бүгінгі күні ауданда 2605 баланы қамтитын 50 мектепке дейінгі білім мекеме жұмыс істейді. Оның екеуі мемлекеттік, ол 495 баланы, сегіз шағынорталық 293 баланы қамтып отыр. Қалған 40 жекеменшік балабақшада  1817 бала тәрбиеленуде. 2035 балаға арналған 47 жекеменшік балабақша «Балапан» бағдарламасымен жұмыс істейді. «Балапан» бағдарламасына бөлінген қаражат – 614 млн.тг құрайды, - деді аудан әкімі.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары