$ 449.58  486.94  4.86

Қақаған аязда Көкшетаудағы 597 үй газсыз қалды

Көкшетауда аяздан көп қабатты үйлердің аулаларындағы газ тарату қондырғалары қатып жатыр. Қазір 597 көп қабатты үйдің тұрғындары толықтай газбен қамтамасыз етілмеген деп жазады Ratel.kz.

Көкшетауда көп қабатты үйлерді газбен қамтып отырған 200 ден астам қондырғы бар. Олардан 16 мың тұрғын күнделікті ас-суына газды пайдаланады. Ақмола облысының орталығында ауа температурасы - 40 жетіп газ қатып қалған.

«Ағам үйінде тұрамын. Екі күннен бері пәтерге газ берілмей жатыр. Амалсыз газ балон пайдаланып отырмыз. Әбігерге түсіп жатырмыз. Тұрғындар көбі наразы», - дейді қала тұрғыны Мұхамед ҚОҢҚАЕВ

90-шы жылдары істен шыққан аулалардағы газ қондырғаларын әкімдік соңғы кездері жеке меншікке беріп, жөндете бастаған еді. Көп қабатты үйлерде газ балон пайдалану қауіпті болғандықтан, тұрғындар ақшасы қымбаттау болса да, осы газ қондырғаларына қосылуды жөн санаған.

«Газ қондырғыларының құбырларында запорная арматура деген болады. Солар қатып жатыр. Оларды мамандар қалыпқа келтіріп жатыр», - дейді «Тұрғын үй комуналдық шаруашылығы» мемлекеттік мекемсінің бас маманы Марат АЙЖАРЫҚОВ.

Мамандар қалыпқа келтіріп жатқанмен, көп уақыт өтпей, құбырлар қайта қатып жатыр. Газдың қатуы сондай-ақ, құрамындағы ілеспе сулардың болуынан дейді тұрғын үй шаруашулық бөлімінің мамандары. Ал тұрғындар қауіпті болса да газ баллондарды пайдалануға мәжбүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары