$ 494.87  520.65  4.91

Педофилияның көбею себебі

Елдің әр түпкірінен педофилдердің құрықталуы туралы хабарлар халықтың арасында пікірталас тудырды. Не себепті елде педофилдер көбейіп кеткені туралы психологтар өз ойларымен бөлісті.

«Қоғамда психосексуалды тұрғыдан ауытқулар байқалатын адамдар көбейіп кетті. Олар негізінен педофилдерге айналып жатады», — дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу әлеуметтік және сот психиатриясының ғылыми орталығы сот сексологиясы зертханасының басшысы Георгий Введенский. Ол педофилия бұрындары да болғанын, алайда бұл жайттар ол кездері жасырын күйінде сақталып келгенін айтты: біреулер ақша беріп құтылса, екіншілерін туысқандары жазадан құтқарып алатын.

Медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-әдістемелік орталығының қызметкері Ғали Жолдығұлов балаларға писихикасында ауытқулары бар еркектерден өзге ішімдіктен масайғандар да тиісетінін айтуда. Ол бұған ер кісілердің моральдық тұрғыдан төмен болулары мен тәрбиенің нашар болуы себеп деп есептейді. Алайда олардың барлығын педофилдер деп атауға келмейді.

«Педофилдер кішкентай баламен жыныстық қатынасқа түсу туралы ойдан арыла алмайды. Оған әуестігі шектен шығып кетеді. Бұл тұрғыда олардың аздап «қажет пе, қажет емес пе?» деп ойлануы да кездесіп жатады. Ақыры “қажет” деген ойы басымырақ түседі!», — дейді психолог, педофилдер мен маньяктардың ортақ белгілерін тізбектеп.

Психолог кәмелетке толмағандарға анайы қылық танытатындар көбіне жасы 50-ден асқан ер кісілер екенін, бұған миларындағы өзін бақылауда ұстауға жауап беретін тамырлардың сырқатына байланысты баратындарын алға тартты.

Баланы педофилдерден аулақ ұстау үшін, ата-аналар оларға бейтаныс адамдармен өзін қалай ұстау керектігін үйретулері тиіс

«Баланы педофилдерден аулақ ұстау үшін, ата-аналар оларға бейтаныс адамдармен өзін қалай ұстау керектігін үйретулері тиіс. Бөтен адамдармен сөйлеспеу керектігін және олардың өтініштеріне жауап бермеу керектігін түсіндірулері қажет. Ал педофилдерден зардап шеккен жеткіншектерге бұл жағдайды барынша ұмыттыруға тырысу керек», — дейді маман.

Еске салсақ, соңғы кезде сексуалдық қылмыстардың көбеюіне байланысты әлеуметтік желілерде белсенділер педофилдерге өлім жазасын қайтару керек деген петиция тарата бастаған болатын. Ал химиялық сүндеттеу мәселесі тіпті үкіметте қарала бастады.

Көктемде орын алған көптеген педофидерге қатысты оқыс жағдайлар қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді. 18 сәуірде Қарағандыда кәмелеттік жасқа толмағандарға анайы қылық танытқан ер кісі құрықталды. Ер кісі өз кінәсін мойындап, тергеу жүргізілуде.

16 мамырда Жамбыл облысы Мерке ауылында 4 жасар баланы 54 жастағы көршісі алдап, үйіне кіргізген. Кейін зорлап, тұншықтырып өлтірген.

17 мамырда Павлодарда ер кісі 10 жастағы қызды зорламақ болған

19 мамырда әлеуметтік желілерде бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеожазба пайда болды.

Мамырдың аяғында қазақстандықтарды Атырау облысында болған жайт есеңгіретті. 28 жастағы ер кісі 3 жыл бойы өзінің кәмілетке толмаған өгей қарындасын зорлап келген. Ол 12 жасқа жаңа келген қыз баланы зорлап, 3 жыл бойы қылмысын тоқтатпаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары