$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтардың жартысына жуығы кедей тұрады

Біз, еліміз әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына қосылып, енді дамыған отыз елдің қатарына қосылуды көздеп отырған дамушы мемлекетпіз деп мақтанамыз. Оптимистік көзқараспен қарағанда шын мәнінде де қарыштап дамып келе жатқан секілдіміз. Бұған шет елден Ақордаға күнде келіп-кетіп жатқан меймандардың пікірін қосыңыз. Барлығы келіп бізді мақтайды. «Сырт көз сыншы» деген соң оларға қалай сенбеске.

Алайда, кейбір сараптамалардың қорытындыларына қарап, «жоғарыда айтып жүргеніміздің бәрі құр сөз емес пе?» деген ой келеді. Жуырда ғана «Bisam Central Asia» ЖШС президенті Леонид Гуревич КИПР сараптама тобы Алматыда өткізген жиында «Қазақстандықтардың 34 пайызының табысы тек тамақ пен киімге ғана жетеді», – деп мәлімдеді. Бұл дегеніңіз қазастандықтардың жартысына жуығы. Яғни, жартыға жуық қазақстандық кедей.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтардың 1 пайызы ғана ешқандай қаржы қиындығын сезінбей, шалқып өмір сүріп жүргендердің қатарында. 8 пайызының ақшасы «қымбат заттар» сатып алуға ғана жетпейді, жалпы тоқшылықта деуге болады. Ал, 5 пайызының табысы тамағына да жетпейді. Ал, тағы 5 пайызы, қазақша айтқанда сіңірі шыққан  кедейлік шегінде өмір сүреді екен. Сонда, дамыған елу елдің қатарына ешқандай қаржы тапшылығын сезінбейтін бір пайыз қазақстандықтардың арқасында өтіп кеттік пе?  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Педофилияның көбею себебі
Келесі жаңалық
Киім де – идеология...