$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда 2 жыл бұрын жөнделген көпқабатты үй құлаудың алдында тұр (ФОТО)

Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірі қираудың сәл алдында тұр. Ондағы тұрғындар ғимаратқа шұғыл күрделі жөндеу жүргізбесе қирандының астында қаламыз деп дабыл қағуда. Бұл туралы Nur.kz порталы жазды.

Ленин көшесіндегі №4 үйдің ішінде тұру былай тұрсын, сыртынан қараудың өзі қорқынышты. Қабырғаларда пайда болған жарықтар, үгітіліп түскен сылақ, құлағалы тұрған балкондар, шатырдан аққан су – мұның бәрі жуырда бұл үйдің құлайтынынан хабар беріп тұрғандай. Мұндағы тұрғындар болса мұндай келеңсіздіктер әкімдіктің 2 жыл бұрын жүргізген жөндеуінен кейін болды деп отыр.

Нина Николаевна аталған үйде 1950 жылдан бері тұрып келеді екен. Үйдің проблемасын айтып ол бармаған жерім жоқ дейді. Бірақ, құлақ асатын шенеунік жоқ көрінеді.

«Пәтер иелерінің кооперативі бұны өздеріңнің жеке проблемаларың деуде. Пәтер жекеменшік болған соң, бізге ешкім көмектесуге міндетті емес екен. Бірақ үйді бұл жағдайға біз әкелмедік. Шатырға тиісіп нелері бар еді? Бірнеше жылдан бері осында тұрып келемін. Өзімді ешуақытта бұлай жаман сезінбеппін. Ең болмаса шатырымзды жасап берсін. Басқа кезде ешқандай проблема болмаған. Әкім үйдің алдын жөндейміз дегенде қуанып қалғанбыз. Бірақ бұл бекер болды. Ғимаратымыз жаңарды ма десек, керісінше апатты жағдайда тұр», – дейді әжей.

Тұрғындардың айтуынша, әкімдік жөндеу жүргізгенге дейін үй ескі болғанымен апатты жағдайда болмаған көрінеді. Артық қыламын деп тыртық қылған шенділер енді үйімізді күрделі жөндеуден өткізсін дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары