ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің ОҚО бойынша департаментi мен Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен жуырда Ордабасы ауданының орталығында «Бiздiң таңдау – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты iс-шара өттi. Онда «Аудан тынысы», «Мемлекеттiк қызмет: бүгiнi мен болашағы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бiрiгейiк» атты көрмелер ұйымдастырылды.
Шара барысында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнің Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi басшысы М.Ахметов ардагерлер мен зиялы қауым, құқық қорғау органдары басшыларымен «дөңгелек үстел» мәжiлiсiн өткiздi.
Департамент басшысының орынбасары, облыстық тәртiптiк кеңес төрағасы Б.Бекжанов ауыл әкiмдерi, қоғамдық кеңес мүшелерi, бiлiм, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерi, ауыл және көше билерi, аудан тұрғындары қатысқан практикалық семинар ұйымдастырды. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара iс-қимыл» бөлiмiнiң қызметкерлерi көпшiлiкпен әлеуметтiк сауалнамалар, ал, жастармен «Дипломмен – мемлекеттiк қызметке» тақырыбында ақпараттық сабақ жүргiздi. Iс-шарадан көпшiлiк мол мағлұмат алды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады:
-мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы;
-құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар;
-кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі;
-кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы;
Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары.