Әлеумет 24.05.2018 сағат 03:44

ОҚО-да бүтін бір ауыл арықтан лай су ішіп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тұрдыабад ауылында бірнеше күннен бері ауыз су жоқ. Тұрғындар арықтан ағып жатқан лай суды қайнатып ішуден басқа амал таппай отыр деп мәлімдеді "Алматы" телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Біз жергілікті биліктен ауыз су тартып беруін талап етіп бірнеше рет арыз жаздық. Барлық құзырлы органдарға бардық. Алайда, бізге құрғақ уәдеден өзге түк берген жоқ", - дейді жергілікті тұрғын Давренбек Исраилов.

Анықталғандай, мердігер компания ауыл үшін скважина қазып қойған екен. Алайда, одан кеп-кетер әзірге пайда болмай тұр.

"Бізге тереңдігі 50 метр құдық қазуды тапсырды. Біз қазып қойдық. Бірақ, әлі су жоқ. Ал, бүгін жергілікті тұрғындар одан әрі қазуымызды талап етті. Бірақ, біз бұл жұмысты өз қаражатымызға істемейміз ғой", - дейді мердігер компанияның өкілі Серікбай Молдыбаев.

Ал, ОҚО Энергетика және ТКШ басқармасындағылар халықты тағы шыдай тұруға шақырып отыр. Яғни, Тұрдыабад ауылының тұрғындарына тағы бірнеше күн арықтың суын іше тұруларына тура келеді.

"Тереңдігі 50 метрлік скважина дайын. Бірақ, мұнымен жұмыстар бітпейді. Енді оны шаю және насостар орнату жұмыстары бар. Тек содан кейін ғана ауылға су келеді", - дейді ОҚО Энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Жанаділ Айтбеков.

Ауылды сумен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 168 млн теңге қаражат бөлініпті. Бұл қаражатқа сондай-ақ, бұрын Сайрам ауданында болып, қазір Шымкентке қосылған 14 шағынаудан да сумен қамтылатын болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар