Жеңіс күні қарсаңында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында ардагерлер мен қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетудің бірқатар маңызды мәселелері талқыланды.
Бүгінгі күні Алматыда 222 мың зейнеткерлер тұрады немесе олар қаланың барлық тұрғындарының 12,5%-ын құрайды. Егде жастағыларды мегаполистің белсенді өміріне тарту және аға ұрпаққа қолдау көрсету мақсатында қала басшылығы «Белсенді ұзақ өмір» жобасын жасаған еді.
«Коммуналды және коммерциялық меншікте биылғы жылы қаланың барлық аудандарында 40-тан астам әлеуметтік клубтар ашу жоспарланған. Жазға қарай белсенді өмір Орталығы салынады, мұнда қаланың егде жастағы тұрғындары кітапханаға, фитнес- залдарға барып, емдік иогамен айналысады, шахмат,тоғызқұмалақ, домино залдары жұмыс істейді», -деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жоба аясында тұрақты негізде компьютерлік ағарту, ағылшын тілі, мотивациялық семинарлар және шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Заң, психологиялық, медициналық кеңестер тегін көрсетіледі.Бірыңғай Call-center құрылады, оның негізінде сенім қызметі жұмыс істеп, әлеуметтік қызметтер мен нысандар туралы ақпараттар алуға болады.
Зейнеткерлерді белсенді өмірге тарту үшін 100-ден аса мәдени, спорттық және зияткерлік шаралар, сонымен қатар бос орындардың арнайы жәрмеңкесі өтеді.
Жеңіс күнін мерекелеу аясында аудан әкімдіктері медициналық мекемелерде Ашық есік күндерін,тақырыптық концерттер өткізіп,кинофильмдер көрсетеді, кездесулер ұйымдастырып, ардагерлерді үйлеріне барып құттықтайды.
«Биылғы жылы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көрсетілетін бірреттік әлеуметтік көмек мәслихаттың шешімімен 150 ден 250 мың теңгеге, оларға теңелгендерге 30 дан 50 мың теңгеге көбейген. ҰОС ардагерлеріне коммуналдық қызмет төлемі үшін ай сайын көрсетілетін көмек 5,5 тен 6,5 –ге дейінгі АЕК өскен», - деді әкімдікте.