$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда 600-ге жуық үй газбен қамтамасыз етіледі

Биылғы жылы Түркістанда 600-ге жуық үй табиғи газға қосылады.

30 көшеге газ өткізу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, бұған 400 млн. теңгеге жуық ақша қарастырылған. Газ құбыры көше бойында, әрбір үйдің жанынан өткізіледі.

«Газды үйлеріне тұрғындардың өздері жүргізеді. Бұған 50-60 мың теңгедей қаражат кетеді. Газды үйлерге өткізу қызметін «Шымкентқазмонтаж СМУ» АҚ компаниясы көрсетеді. Бір де бір үйдің бұдан шеттеп қалмауы үшін барлығы жасалады», - деп атап өтті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қаладағы «Сауран» шағынауданында жұмыстар қызу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 20 желтоқсанында Елбасының қатысуымен өткен Жалпыұлттық телекөпір барысында Түркістан қаласына табиғи газ беретін жеткізуші газ құбыры ресми түрде іске қосылған болатын. 

Түркістан қаласына жеткізуші газ құбырын салу жобасын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырды. Жоғарғы қысымды газ құбырының ұзындығы 22 шақырымды құрайды. Құбырға газ 2013 жылдың қыркүйегінде іске қосылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырынан берілуде. Сонымен қатар, инвестициялық жоба шеңберінде өткізу қабілеті сағатына 100 мың текше метрді құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) мен 2 газреттеу пункті салынған.

Бұл жоба «Бейнеу-Бозой-Шымкент» ма­гис­траль­ды газ құбырынан Түркістан қа­ласына дейін жеткізуші газ құбырын салуға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары