$ 498.34  519.72  4.85

135 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған

Жуырда ОҚО Тексеру комиссиясы 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Жыл басынан бергі 6 айда 17 бақылау іс-шаралары өтіп, 83 бақылау объектісі және 199 бюджеттік бағдарламаны қамти отырып, тексеру жүргізілген.

Бақылаудағы 83 нысанға бөлінген қаржы көлемі -- 39 586 232,1 мың теңге. Осының ішінде анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 7 212 868,1 мың теңгені құраған.

Жалпы, 2015 жылдың 1 шілдедегі жағдайына қалпына келтірілуі тиіс қаржы көлемі 4 280 250,1 мың теңге болса, оның ішінде мерзімі келгені 4 279 927,8 мың теңгені құрап, есепті кезеңге 100,0% орындалған. Оның ішінде ақшалай түрде өтелгені 214 339,7 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 4 065 588,1 мың теңгені құраған. 

Тексеру комиссиясы тарапынан жолданған ұсынымдардың қорытындысы бойынша 135 лауазымды тұлғаға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бақылау барысында Тексеру комиссиясы тарапынан 27 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, соттың қарауына жолданған. Оның ішінде 21 хаттама бойынша сотпен әкімшілік өндіру салынған.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,  лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты  (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер. 

Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы» Кодекс  және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.

Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.

Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады. 

Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары