$ 494.87  520.65  4.91

Көшпелі кездесу өтті

Жуырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің  ақпараттық – насихаттық тобы Созақ ауданының халқымен көшпелі кездесу ұйымдастырды. Аталған іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысымен ұсынылған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы бойынша бес институционалдық реформаны насихаттау болып табылады.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары, кәсіпорын өкілдері, жергілікті халық және этномәдени орталықтарының өкілдері, жастар орталықтарының өкілдері қатысты.Кездесу барысында Департаменттің басқарма басшысы А.Есімханов бес институционалдық реформаның біріншісі, яғни, кәсіби мемлекеттік аппарат құруды қалыптастыру бағытына баяндама жасады. Сондай-ақ, аталған құжаттың 14-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданатыны туралы айтылып өтті. Яғни, жаңа заңның сәйкес, мемлекеттік қызметке тек қана тәжірибелі мамандар қабылданатыны, біліктілігі төмен мамандар жұмысқа қабылданбайтынын жеткізді.

Мемлекеттік қызметке алғаш рет орналасушылар үшін неғұрлым лайықты мамандарды таңдауға мүмкіндік беретін үш кезе11ңді іріктеу өткізіледі. Қызметкердің еңбекақысына оның еңбегінің нәтижелілігіне қарай баллмен есептеліп, қосымша бонустық төлемдер түрінде төленеді. Департаменттің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің  консультанты жаңадан қабылданатын «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының жобасына түсіндірме беріп өтті.

Іс-шара соңында жиналған қауым тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Сондай-ақ, Елбасы жариялаған бұл реформа әлемдік жаһандану және экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайында уақтылы  қабылданған шешім екендігін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары