$ 447.4  477.55  4.76

Нұротандықтар халықпен кездесті

«Нұр Отан» партиясының Мақтаарал аудандық филиалының өкілдері  тұрғындармен кездесіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мән-маңызын түсіндірді. Кездесу барысында аудандық «Нұр Отан» партиясының жарты жылдық есебі тыңдалып, алда бірлесе атқарар жұмыстар жоспары құрылды.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Байдуллаевтың  мәлімдеуінше, ауданда І-ші жарты жылдықта 3 млрд 748 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері, 7,7 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. 115 жер учаскесі пайдалануға беріліп, 69 тұрғын үйдің кілті кезекте тұрған отбасыларға табысталған. Тағы 36 пәтер өз иелерін күтуде.

Жиын барысында партиялық жұмыстарға немқұрайлылық танытып, мемлекеттік бағдарламаларға қырын қарайтын кейбір азаматтардың жұмысы да сынға алынды.

- Жылы су  және Қазыбек би бастауыш партия ұйымдарының төрағалары аладғы уақытта оңды шешім қабылдамаса,саяси кеңесте жұмыстан босату жөнінде ұсынысымызды нақты өзіміз беретін боламыз. Сондықтан да  бүгінгі таңда Елбасымыздың саясатын қолдауға өз үлесін білдіріп, жұмыстарын  жандандыруы тиіс, - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдіманап Байдуллаев.

Алқалы жиынға партия белсенділерімен қатар аудан ардагерлері қатысты. Қариялар мемлекеттің іргетасын нығайтуға бағытталған «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында  ауданда көптеген түйіткілді мәселелер өз шешімін табады деген сенімде.  Жақсы нәтижелерге қол жеткізуге үміт артады.

- Мемлекеттік қызметшілердің заңдарды орындау мәселесіне қатты талап қою қажет. Тіпті, кейбір басшылар, қызметкерлер өздеріне қатысты заңдарды оқымайды да. Заңға сәйкес шыққан нормативтік-құқықтық актілерін де оқу қажет деп есептеймін. Біздің қоғамдағы дерттің бірі осы, - дейді «Асықата» бастауыш партия ұйымының төрағасы Марат Байтеміров.

Жиналған қауым халықты біріктіріп, ұлтты ұйытушы бағдарламаның іске асуына бар күш-жігерлерін сарп ететіндіктерін айтып тарқасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары