$ 494.87  520.65  4.91

Отандық өнім ұлт болашағы

Алматы облысы Талғар ауданындағы «Казкорм» компаниясы мемлекет қолдауына ие болды. Бұл серіктестік ит, мысық, балықтарға арнап түйіршіктелген құрғақ азық шығарады.

Еліміздегі бірегей өндіріс орындарының бірі ретінде саналатын зауыт шетелдік технология бойынша жұмыс істейді. Айта кетейік, өнімнің тоқсан бес пайызы отандық шикізаттан жасалынған. Сапасы барлық талапқа сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, шетелдікінен ешбір кем емес. Бағасы да қолжетімді. Өндіріс ошағы бүгінде мемлекет қолдауымен жаңа сатыға көтеріле бастады. Голландия елінің сарапшысы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы негізінде сапаны жақсарту бойынша өндірісті бір жүйеге келтіруге көмек қолын созған.

Серіктестік басшысының орынбасары Арман Ракишевтің айтуынша, елде алғаш рет құрылған мұндай кәсіпорын тәжірибелі мамандарды қажет ететін көрінеді. Осы орайда, «Даму» қорының іске асыруымен «Аға сеньерлар» жобасы аясында шет елден мамандар тартуға мүмкіндік алған. Мамандардың пікірінше, өндірісте шығары­латын өнімдер жануарлар ағзасына пайдалы екен. Өйткені онда тағамдық құндылық барынша сақталып, құрамындағы дәрумендер мен минералдар жоғалмайды. Өнім Қазақстан нарқына «Аквакорм» тауар белгісімен шығарыла бастады. Қазіргі кезде Алматы қаласы мен елдің басқа да аумақтарына таралуда. Биыл өнім көлемін мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр, деп жазады «Жетісу» газеті.

Ең әуелі облыс әкімі «Арзан» және «SMALL» сауда орталығында  болып, «Қазақстанда жасалған» азық-түліктердің бағасы мен оның сапасына мән берді. Сауда орталығындағы тауарларды мұқият аралап көрген Кәрім Нәсбекұлы Үкімет тарапынан отандық өнім өндірушілерге айрықша қолдау көрсетілетінін айтып, сол себепті кәсіпкерлер бағаны шамадан тыс көтеріп, халықтың қалтасына ауыртпалық түсірмеу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, өңір басшысы облыс әкімдігінің тұрақтандыру қорының ұйытқы болуымен ашылған әлеуметтік дүкендердің бірінде болды. Аталған дүкендегі азық-түліктердің бағасы өзге сауда-саттық орындарына қарағанда әлдеқайда арзан. Қазіргі таңда Тараз тұрғындары әлеуметтік дүкендерден өздеріне қажетті тауарларды арзан бағада қалағанынша сатып алып жатыр.

Бұдан кейін облыс әкімі Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы «Орақбай» шаруа қожалығының жылыжайларын аралап, ондағы тындырымды тірлікті көзімен көрді. Сондай-ақ, мұндағы жиылған өнімдер жергілікті сауда-саттық орындарына келісімді бағамен өткізіліп жатқанына өз ризашылығын білдірді.

– Біз өзге облыстардан көкөніс сатып алуға зәру емеспіз. Себебі, өңірдің табиғи жағдайын дұрыс пайдаланып, жеміс-жидек пен көкөністі өзімізде шығаруға зор мүмкіндігіміз бар. Мәселен, облыстағы шаруа қожалықтар қиярдың келісін 200-210 теңгеден сатып жатыр. Осының алдында әлеуметтік дүкеннен қиярдың бір келісін 250 теңгеден, ал «SMALL» сауда орта­лығында 300 теңгеден сатылып жатқанын байқадым. Ал, базардағы алып-сатарлар 300-310 теңгеден сатса, олар да ұтылмас еді. Оның үстіне қарапайым халықтың қалтасына да салмақ түспейді. Себебі, өткен жылы қиярдың бір келісі 600-650 теңгеге сатылған болатын, – деді Кәрім Нәсбекұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Манап», «Серік» шаруа қожалықтарының өнімдерін көзбен көріп, қожайындарымен кездесті. Олардың жұмыстарында орын алған мәселелерді бірлесіп шешуге уәде етті.

– Тараз    қаласындағы сауда орталық­тары мен әлеуметтік дүкендердегі тау­арлардың бағасын қарап шықтым. Менің ойымша сатылып жатқан азық-түліктердің бағасы қарапайым халық үшін қолжетімді. Мәселен, сауда орталықтарында қойдың еті 1150 теңге, ал сиыр еті 1200 теңгеге сатылып жатыр. Сондай-ақ, қанттың бір келісі 139-147 теңге, картоп 65 теңге, пияз 59 теңге тұрады. Байқағанымдай азық-түліктердің бағасы өткен жылға қарағанда тұрақты. Себебі, былтыр картоптың бір келісі 120 теңгеге дейін көтеріліп кеткен болатын. Негізі, сауда орталықтарындағы тауарлардың басым көпшілігі «Қазақстанда жасалған» өнімдер, – деді Кәрім Нәсбекұлы.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыста бірқатар шаруалар атқарылып жатыр. Мәселен, қазіргі таңда тұрақтандыру қорына жалпы сомасы 1068 миллион теңгеге 15342 тонна азық-түлік сатып алынды. Олардың ішінде 230 тонна көкөніс тауарлары,  1975 тонна қант, 180 тонна өсімдік майы, 12 тонна макарон өнімдері бар.

Шымкент қаласының Әл-Фараби алаңында «Қазақстанда жасалған» жәрмеңке акциясы ұйымдастырылды. Ел назарын бірден аударған акцияға «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері мен қалалық әкімдік және облыстағы тауар өндірушілер мұрындық болыпты. ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, қала тұрғындары облыстың 100-ден астам тауар өндірушілерінің өнімдерін арзан бағамен сатып алған. Отандық өнімді насихаттаған акция алдағы уақытта Шымкенттегі «Шахан», «Имран», «Метро» сынды оннан астам ірі сауда орындарында аталған шара жалғасатын болады.  Акция аясында отандық өндірушілердің өнімдері қойылатын сауда сөрелеріне «Қазақстанда жасалған» деген түрлі-түсті белгісіә бар тақтайшалар да көз тартып тұрмақ.  Бүгінде Шымкенттегі ірі сауда орталықтарының сөрелерінен орын алған тауарлардың 30 пайызы отандық өнімдердің үлесінде. 

Біздің инженер-техник қызметкер­леріміздің бүгінгі жұмыс күні Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде алға қойылған міндеттерді талқылаумен басталды, дейді Щучье қазандық-механикалық зауытының директоры Марат Ахметов.

«Мемлекет басшысы уақыт талабындағы мәселелерді нақты түрде талдап көрсетіп, үйлесімді әрі шұғыл істерге кірісуімізді тапсырды.

Әсіресе, қазіргі күрделі жағдайда, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзе­ге асыра отырып, отандық тауар өнді­рушілерді барынша қолдау қажеттілігі алға қойылды. Оның нақты жолдары да атап көрсетілді. Қазақстандық үлес­ті молайтуда оң тәжірибелерді жаң­ғырту, өзара тиімді меморандумдар қа­был­дау көзделген бетбұрысқа жол ашпақ. «Қазақ­станда жасалған» акцияс­ының бастау алатыны жергілікті тауар өнді­рушілерді қолдаумен қатар жалпы­қазақстандық патриотизмге жаңа екпін бермек. Бұл өнім шығару­да толық қазақстандық үлесті қамтама­сыз етіп отырған зауытымыздың серпіле жұмыс істеуін, технологиялық жағынан үнемі жетілдірілу үстіндегі қазандықтарымыздың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Республикамыздағы бу қазандық­тарын дайындайтын бірегей кәсіпорын өз әріптестеріне қызметтің барлық түрін ұсына алады. Қазір зауыт цехтарында­­ 200-ден астам адам жұмыс істесе, 120 ма­­манымыз республикамыздың түк­­пір-түкпірінде қазандықтарды орнату, іс­ке қосу міндеттерін атқаруда. Кепілді сер­­­­вис­­тік қызметтің шеңбері де кеңейіп келеді.

Қазіргі күні Бурабай кентіндегі жа­ңа қазандық жүйесін пайдалануға беру жұмыстарын аяқтағалы отырмыз. Сондай-ақ, өз облысымыздағы 23 мек­тепке қазандық орнатуды дер кезін­де бітір­дік. Біздің «Қазақстан темір жолы» АҚ, Ішкі істер және Қорғаныс  министр­ліктері, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық саласындағы тұрақты әріптес­теріміз­дің арқасында өндірістік жұмыс­­тарымыз­дың ырғағы төмендеген емес. Мемлекет басшысының Үкімет отыры­сындағы сөздері ынтымақты байла­нысымыз­дың жандана түсетінін айғақтайды.

Зауыт қазіргі дағдарысты кезеңнің өзінде еңбек адамдарын қолдау мен әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра беретін болады. Бізде кадрлар тапшылығы жоқ. Керісінше, былтырғы жылмен салыстырғанда жұмысшылардың саны 13,2 пайызға өсті. Шығарылған өнім көлемі өткен жылғы қыркүйек айындағы көрсеткіштен 66 пайызға артып отыр. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы былтырғы 85 мың теңгеден 105 мың теңгеге көтерілді. Қала құраушы кәсіпорын ретінде өз міндеттемелерімізді мінсіз атқарудамыз.

Өндірістік жетістіктерімізді санамалап жату міндет емес болар. Әйткенмен, былтырдың өзінде республикалық «Алтын сапа» байқауына қатысып, 15-ші құрылыс көрмесінің дипломын алғанымызды, «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрмеден табысты оралғанымызды айта кетуді жөн көрдім.

Халықаралық сапа сертификатымен жұмыс істейтін ұжымымыз алдағы кезде де отандық тауарларды көптеп шығарумен қатар, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер межесінен көріне беретіні анық», - дейді М. Ахметов «Егемен Қазақстан» газетіне.

Ғылым мен техника дамыған тұста, тұрмыстық, өндірістік қалдықтар көдеге жарады. Енді түрлі сусын бөтелкесі, жарамсыз күйде қалған зауыт бұйымдары қоқысқа емес, өндіріске аттанады. Ақтөбелік кәсіпкер Ғанижан Бақытжанов пластикалық бұйымдарға екінші «өмір» сыйлап, одан инженерлік желі, құрылыс саласына аса қажетті қақпақ пен құдыққа арналған сақина жасап шығаруды қолға алды. Бүл - өңірдегі 100 пайыз қазақстандық мазмұнға ие жалғыз өнім.

Экономикалық даму сатысы жыл санап өсіп келе жатқан аймақта «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы төрт бағыт бойынша іске асырылып жатыр. Олар: жаңа бизнес-бастамаларын қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету, кәсіпкерлік әлеуетті күшейту. Облысқа 2010 - 2011 жылдары республикалық бюджеттен 2088,8 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінде үш бағыт бойынша 66 жобаның несиесін субсидиялауға келісім бар. Көбі агроөнеркәсіп кешені, денсаулық сақтау, жеңіл өнеркәсіп, көлік және қойма саласының еншісіне тиді.

— Бағдарлама аясында барлығы 200 кәсіпкерге қолдау көрсетілді.

Оларда 4,4 мың адам жұмыс істеп жүр. Дәл осы кәсіпорындарда тағы да 2,7 мың жұмыс орны ашылады, - дейді облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова. Оның айтуынша, бағдарлама аясында облыс бюджетіне салықтан 1 млрд теңге қаржы түседі. Жергілікті әкімшіліктің қолдауына ие болып, құжаттар рәсімдеуде кедергіге кезікпеген бизнестің бірі полимер-композитті зауыт болды. Тың жоба Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. «Бизнестің жол

картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын сәтті пайдалана білген кәсіпкер зауыт құрылысына қажетті 110 миллион теңгенің басым бөлігін өз қалтасынан шығарды. Ал қалған 30 пайызын «Даму» қорының Ақтөбе облыстық аймақтық филиалы субсидиялап, екінші деңгейлі банктен алды. Құрылысы ерек жоба 2010 жылы қолға алынған болатын. Биыл қараша айында іске қосылып, алғашқы өнімдерін көпшілікке ұсынады. Қазір монтаждау, әрлеу жұмыстары, кем-кетікті түзеу шаралары жасалып жатыр. Ал алғашқы сынама бұйымдар қазір алынды, олар бар талапқа сай шықты.

- Инновациялық жоба тың әрі ауқымы кең болуы шарт. Біз бүл жобаны қолға алмас бұрын, Мәскеудің ғылыми зерттеу институтына ұсыныс жасап, әлеуметтік және маркетингтік талдау жұмыстарының нәтижесімен танысып шыққан едік. Қазір құрылыс қарқын ала түсті әрі қара металл қолды болып, бетон ескірген шақта, жаңа өндіріс ошағы іске қосылып жатқан тұста, бүл екі өнім Қазақстан нарығына аса қажет. Баға үш есе арзан, сапа екі есе жоғары, - дейді Ғанижан Қуанышбекұлы. Оның айтуынша, қазақстандық мазмұнға ие өнім экспортқа шығуға дайын. Қосымша бассейнді гидроизоляциялау, қоймаға өндірістік еден төсеу жұмыстарын жасайды.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық құрылысына, инженерлік желілерді жаңартуға, салынып жатқан ірі өндіріс ошақтарына қажетті қақпақ пен құдық сақинасы жеңіл әрі төзімді. Қақпақ санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай, аптап ыстық пен сары аяз кезінде сыр бермейді, жаңбырда сырғып кетпейді. Иілгіш, морт сынбайтын қасиетке де ие. Оларға берілген түс жасыл шөпке, тас жолға, жаяу жүргіншіге арналған соқпаққа сай. Бірі жасыл, екіншісі күлгін, үшіншісі қызыл. Күнге күйіп ақжем, аяз қарып, түссіз кейіпке енбейді. Ең маңыздысы - газ, жылу, су, кәріз құдықтарына пайдаланған кезде, зиянды бу шығармайды. Тапсырыс берушінің ұсынысымен бұйымы алмасып, жоғалып кетпес үшін ен салып, арнайы белгісін ойып басып береді. Ал құдық сақинасы темір-бетон бұйымнан әлдеқайда жеңіл. Әдетте, жүк көтергіш техникасы ғана атқаратын қондыру жұмыстарын екі адамның күшімен тындыруға болады екен. «Сақина химиялық заттарға, мерзімдік ыстық пен салқынға төтеп береді. Оның сыртын қаптау, сөйтіп сақтандыру жұмыстарын жүргізудің еш қажеті жоқ. Мұнда химиялық белсенді заттарды, техникалық май, химиялық қалдықтарды сақтай аламыз. Темір-бетонмен салыстырғанда, полимерлі сақина екі есе төзімді келеді» деп, ғылым жетістігін ортаға

салды зауыт басшысы. Егер сақинаға ойық жасау, оның қалпын өзгерту қажет болса, тұрмыстық техниканы пайдаланып, өңдеуге мүмкіндік бар. Сақинаның конус тәрізді элементін құдықтың жоғарғы қабатына орналастырса, темір-бетон төсенішін үнемдеуге, одан бас тартуға мүмкіндік береді.

Өңірде алғаш рет полимер-композиттік материалдардан бұйым шығарылады. Оған қажетті шикізат Ақтөбе қалалық қоқыс полигонынан, автосервис ошақтарынан, тіпті мейрамхана мен пластиктің бос қалбырын қоқысқа тастайтын барлық өндіріс орындарынан алынады. Арнайы келісімшарт жасалады, аптаның белгілі бір уақытында қоқысты зауыт жүмысшыларының өздері алып кетеді. Дәл осы қызмет түрін пайдаланса, көптеген зауыт қоқыс полигонына кететін шығынды азайтар еді. Әттеген-ай, кейбірі әлі түсінбесе керек, бір байламға келе алмай, қоқысын бермей отыр. Ал қара металл іздеп, кейде ұрлыққа баратындар енді көше бойында бос жатқан пластикалық бос заттарды жинай жүреді. Себебі зауыт өздері арнайы қабылдау бекетін ашады немесе осы қызмет түрін кәсіп ететін бизнес иесімен келісімге келеді.

«Тенуса» ЖШС-нің ұжымы инновациялық өндіріс үлкен үміт артып отыр. Біріншіден, қара металл ұрлығы азайып, құдыққа арналған қақпақтар үрланбайды, адамдарға қауіп төнбейді. Кейде тас жол бойындағы қақпақ қолды болып, түрлі жол апаты адам өмірін қыршын қиятынын еске түсірсек, енді қақпақтың үстіне асфальт төсеуге мүмкіндік бар. Қауіпсіз әрі ұтымды жоба. Екіншіден, жаңа өнім бағаны үш есеге дейін төмендетуге ықпал етеді. Ал шойын қақпақтың әр данасы қазір 22-23 мың теңге екен. Үшіншіден, аймақтың экологиялық ахуалы жақсарып, қала күл-қоқыстан тазарады. Сөйтіп, көше бойын кезіп жүрген қажетсіз пластик ыдыстар енді пайда әкеледі.

«Тенуса» компаниясы полимер-композиттік зауыттан өзге, тағы екі жобаны іске асырмақ ниетті. Барлығы 2020 жылға дейін үшеу болады. «Индустрияландыру картасы бизнесін жандандырып, елге жаңа жобасын ұсынатын кәсіпкерлерге арналған. Мемлекет үлкен мүмкіндік жасап, бар жеңілдіктің жолын көрсетіп отыр. Тетігін тауып тың, пайдалы істі бастауымыз, жүзеге асыруымыз қажет»,- дейді Ғанижан Қуанышбекұлы. Бүл жолда ғылыми жаңалық ашып, оны іске асыра алмай жүрген «қолы қысқа» ойлап тапқыштарға көмек қолын созуды ойға алған. Тіпті арнайы грант бөліп, ауқымды, инновациялық жоба болса, оны іске асыруға күш салады.

Полимер-композиттік зауытта 35 адам жұмыс жасайды. Оның алтауы Ресейден арнайы білім алып келді. Айта кетерлік жайт, технология мен құрал-жабдықтар бірлескен еңбектің нәтижесі. Неміс технологиясы мен Ресейдің білікті мамандары әзірлеген жабдықтар сапалы әрі арзан. Шетелдің техникасына есе жібермейді. Бағасы тиімді әрі жеткізу жеңіл болған соң, әрі аспай, жақыннан «дорбалауды» жөн көрді. Өндіріс толықтай іске қосылған кезде, жылына 18 720 дана сақина және 46 800 қақпақ шығарады. Нарыққа аса қажет өнімді жасап шығару үшін 800 тонна пластик пайдаланылады екен.

- Қазақстанда полимер-композитті өнім шығаратын шағын цехтар болуы мүмкін, бірақ зауыт әлі салынған жоқ. Отандық өнім қақпақ пен сақинаның бағасын арзандатуға, бәсекелестікті дамытуға күш салады. Сонымен қатар ірі өндіріс ошақтары тауар сатып алуда біз арқылы қазақстандық мазмұнның санын арттыра алады. Қазір Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан тапсырыс келіп түсті. Тіпті Ресейдің Приволжский ауданы алдын ала 2012 жылға келісім-шартқа қол қойды, - дейді кәсіпкер. Қазақ еліне жаңадан әкелінген жоба көршілес Ресей елінде де әлі қарқын алмаған. Демек, қатар дамуға, тың идеяны тете игеруге болады.

Зауыт темір жол бойына салынып жатыр. Тасымалдаудың бүл түрі компанияға басымдық береді. Егер жол алыс, тапсырыс беруші шалғай болса, жүк вагондарын пайдалануды жөн көреді. «Кейбір монополистер секілді бағаны шарықтатып жіберу біздің ойымызда жоқ. Тауар көпшілікке қолжетімді болады»,- дейді ол.

Өңір экономикасы кен өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару және өңдеу, химия өнеркәсібі, электр қуаты өндірісі, көлік және өзге де инфрақұрылым болып, бірнеше салаға бөлінеді. Қай-қайсысы да өз салмағымен, сапасымен Ақтөбе экономикасының үдемелі дамуына үлес қосып келеді. Өңірдің сенгені - қуаты күшті экономикасы, соған орай әлеуметтік салада да жетістіктері мен үлгілі істері басым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары