$ 494.87  520.65  4.91

Білім саласының қызметкерлері құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үлесін қосады  

Сайрам аймағы  бойынша ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен Сайрам ауданындағы Абылай хан атындағы  №93 орта мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы жетілдіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында конференция өткізілді.

Іс-шараға Сайрам аудандық білім бөлімінің жауапты қызметкерлері, мектеп директорлары мен бала-бақша меңгерушілері, білім саласы кәсіподақтарының, ардагерлер кеңесінің және ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.

Конференция алдында қатысушыларға «Как защитить себя от коррупционных посягательств?» және «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде дайындалған жадынамалар таратылып, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу бағытында анонимді түрде сауалнама жүргізілді.

Шара барысында Сайрам аудан әкімі аппараты заң бөлімінің  өкілі, білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі, білім саласы кәсіподақтар ұйымы төрайымының және  Басқарма консультантының  баяндамалары мен ақпараттары тыңдалды. Сонымен қатар, Департаментпен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияндылығын насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді.

Конференцияға аудан әкімінің кеңесшісі Б.Танагузов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Байназар қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

- Сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз, - деді өз сөзінде Б.Танагузов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары