$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да жаңа жұмыс орындары ашылмақ

Оңтүстік Қазақстанда Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 1,2 трлн. теңге болатын жобалар жүзеге асып, 33 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Б.Омарбеков. 

«Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте басқарма басшысы бұл жобалардың 50 пайызға жуығы ауылдық жерлерде жүзеге асырылып жатқанын айтты. Соңғы төрт жылда жалпы құны 183,9 млрд. теңгеге 137 жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Іске қосылған жобалардың нәтижесінде 2014 жылы 56,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, осы жылдың 5 айында 24,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ал 2008-2014 жылдардағы аймақтар бойынша өңдеу өнеркәсібі өндірісі жағынан Оңтүстік Қазақстан өнім өңдеуден үшінші орынды алып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. 

‒ Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығында Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы инвестиция көлемі 845,1 млрд. теңгені құрайтын 104 жобаны іске қосып, 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Оның ішінде өңіріміз үшін маңызды жобалар - трактор зауыты, коммуналдық және арнайы техника, рентген аппараттары, алюминді радиаторлар, жоғары сапалы фармацевтикалық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер, джинс маталарын шығаратын зауыттар мен фабрикалар, сонымен қатар 2 ірі металлургиялық комбинат, ірі жиһаз фабрикасы, өндірістік майларды өндіретін зауыттардың құрылыстарын жүргізу көзделуде, - деді Б.Омарбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары