$ 524.58  551.91  4.93

Ақтөбеліктер жеке емханалар мен ауруханаларда тегін емделеді

2019 жылы халыққа тегін ұсынылатын медициналық көмекке 39,1 млрд теңге бөлінді. Соның 7,1 млрд теңгесі аванс болып, бірден төленді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы облыстағы емханалар мен ауруханаларға 7,1 млрд теңге аванс бөліп берді. Бұл облыстағы медицина саласына жұмсалатын қаржының 18,6%-ы», — деді Қор филиалының директоры Гүлмира Қожаниязова.

Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында 62 медициналық мекеме халыққа тегін қызмет көрсетіп отыр. Соның ішінде 24-і – жеке ұйым.

Еске сала кетейік, 2018 жылдан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің операторы болып саналады. Қазақстан Үкіметі бекіткен шеңбер аясында халық үшін медициналық қызметтерді сатып алып жүр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары