$ 498.34  519.72  4.85

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиналысты кеңес төрағасы Ә.Досболов жүргізді.

Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде Сайрам ауданының   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы  және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, бұл күні Қоғамдық кеңес мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының «Максимум» аймақтық инвестициялық орталық  ЖШС мен «Максимум» АИО-ның еншілес мекемесі «ЫРЫС» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарының есебін алды.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, талқылаулар болды. Әсіресе, Сайрам ауданының әкімі У.Қайназаровқа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы жұмыстарда орын алған кемшіліктерді жою керектігі ескертілді.

- Халықтың ескертпе, өтініш, арыздарын толыққанды қанағаттандыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жандандыру қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату және көлеңкелі экономика деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстар жалғаса бермек,, - деп атап өтті Қоғамдық кеңес мүшесі Ө.Мелдеханов.

Жиналыс соңында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан алдағы уақытта жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша  атқарған жұмыстарының  есебін тыңдауды жоспарға қою туралы ұсыныс мақұлданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары