$ 494.87  520.65  4.91

Жемқор болма, елжанды бол!

Бүгiнгi күнi толық шешiмiн таба алмай келе жатқан күрделi мәселелердiң бiрi – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлғалар заң бойынша жауапкершiлiкке тартылады.

Қылмыскердiң жазалануы өзге азаматтарға сабақ болып, олардың осындай әрекеттен аулақ жүруiне ықпал етедi. Дегенмен, мемлекеттiң мүлкi мен ақшасын талан-таражға ұшырату ауыр қылмыс екенiн әр адамға жас кезiнен бастап түсiндiре беру керек деп ойлаймын. Себебi, қазiргi таңда БАҚ арқылы жауапкершiлiкке тартылғандар туралы ашық айтылғанмен, жемқорлық толастар емес.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрестi мемлекеттiк саясаттың ең басты мақсаттарының бiрi ретiнде көрсетiп келедi. Әр Жолдауында осы мәселеге тоқталады. Әсiресе, қазiр пара алу, пара беру, қызметтiк өкiлеттiгiн асыра пайдалану секiлдi деректер жиi кездеседi. Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығында жыл сайын барлық қызметкерге мiндеттi түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның талаптары, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және одан келетiн зардаптар туралы баяндама жасалып, түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi. Нәтижесiнде қорық қызметкерлерi арасында тәртiп бұзушылықтар тiркелiп отырған жоқ. Осындай iс-шаралар барлық ұжымда, әсiресе, халықпен тiкелей байланыс жасайтын мекемелерде жиi-жиi өткiзiлiп отырса, әрбiр қызметкер ойланып жұмыс iстер едi.

Қарлығаш ЖАРМЕНОВА,

Қаратау қорығының қызметкерi

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары