$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент қаласында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 239 өтінім мақұлданған

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша «7-20-25» бағдараламасы аясында 4,5 млрд. теңгеге 450 өтінім қабылданып, 2,4 млрд. теңгеге 239 өтінім мақұлданған.

 «7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 145,4 млрд теңге сомаға 12 830 өтініш қабылданды. Оның ішінде 88,3 млрд теңге сомаға қарыз беруге 7 633 өтініш мақұлданған.

Айта кетейік, «7-20-25» - Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру аясында әзірленді.

Қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасы несиені 7 пайыздық мөлшерлемемен береді. Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 20 пайызы мөлшерінде белгіленген. Қарыздың өтеу мерзімі - 25 жыл. Қарыз алушыдан қарызды беру және қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды. Сондай-ақ, қарыз алушының кепіл мүлігі мен өмірін сақтандыру мiндеттi болып табылмаған жағдайда, сақтандыру қажет болса, барлық шығындарды қарыз берген банк өзі көтереді.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары