$ 494.87  520.65  4.91

«Отыз жасымда үйсіз жүрмін» деген актриса Айсұлу Әзімбаева зәулім сарайда тұратын болып шықты

«Мен ояндым» челленджінің қарсыластары «Айсұлу Әзімбаеваның құйтырқы әрекетін әшкереледік» деп желіге таратып жіберсе керек. Бірақ, интернет пайдаланушыларының дені актрисаны жақтап шықты.

«Мен ояндым» челленджінде отыз жасқа келгенше үйсіз жүргенін айтқан актриса Айсүлу Әзімбаева зәулім үйде тұратын болып шықты, деп хабарлайды SN.kz тілшісі. Алайда, желі қолданушылары кино жұлдызы өзінің атынан емес, көпшілік үшін сөйледі, деп ақтап алып жатыр.

Актрисаның бірнеше қабатты үйіне келген қонақтарды қабылдап жатқан видеосы желіде кеңінен таралып, қызу талқыға түсіп кетті. Онда Айсұлу кең сарайдай баспанада қымбат әшекейлерін көрсетіп мақтанып жүргендей әсер қалдырады. Сонымен бірге, актриса өзінің бизнесі туралы айтып береді. 

«Мен ояндым» челленджінің қарсыластары «Айсұлу Әзімбаеваның құйтырқы әрекетін әшкереледік» деп желіге таратып жіберсе керек, бірақ интернет пайдаланушыларының дені актрисаны жақтап шықты.

«Ол өзі үшін емес, көпшілік үшін сөйледі. Айсұлу шығармашылық адамы, тек актриса ретінде рөл ойнап берді, бірақ айтқанының барлығы дұрыс», «Қазақстанда отыз жасқа келгенше баспанасыз жүргендер аз ба?», «Актриса дұрыс айтты, елде пәтер жағалап жүрген жастар көп» деген сарындағы пікірлер толастамай жатыр.

Сәлден соң Айсұлудың жауап ретінде түсірген видеосы тарады. Онда кино жұлдызы «әшкере видеодағы» зәулім үйдің өзінікі емес, ата-анасыныкі екенін, сонымен бірге танымал адам ретінде мол қаражат тапқанымен, үй алуға мүмкіндігі болмай жүргенін жеткізді.

Актриса бірнеше бизнес жобада үлескер екенін де жасырмады. Сонымен қатар, видеода тек өзінің жеке басындағы мәселені емес, көпшіліктің жайын сөз қылғанын да тілге тиек етті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары