Бүгінде №3 балалар үйінде 4 пен 17 жас аралығындағы 68 бүлдіршін бар. Филиал қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тәтті тағамдар мен жемістер ғана емес, қажетті киім-кешек, аяқ киім, ойыншықтар мен кітаптар сыйлады. Балалар қонақтарды қуана қарсы алып, өздері әзірлеген мерекелік концертін ұсынды, ән мен күйден шашу шашты.
– Балалардың күлкісі – баға жетпес дүние! Бөбектердің ересектерге деген сенімі басым. Біз сол сенімді ақтауға тиіспіз. Әрбір баланың дені сау болып, қамқорлыққа кенеліп, өз отбасын табуына тілектеспін. Аспанымыз ашық, әрбір жаңа күн жақсылық пен қызыққа толы болсын. Біз балалардың бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек!, - деді филиал директоры Данабек Исабеков. Балалар үйінің директоры Қырмызы Қожамжарова корпорация қызметкерлері алғысын айтты.
«SN.kz» - ақпарат»