$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте кезекті үшем дүниеге келді

Тағы бір қуанышты жаңалық! Шымкенттегі «Экомед» емханасында кезекті үшем дүниеге келді. Жыл басынан 400 нәрестенің дін аман өмірге келуіне сеп болған клиника қызметкерлері өз біліктіліктерін тағы да бір дәлелдеді.

Үшемнің анасы – Динара Нарханова. Тұңғыш қызын босанғаннан кейін 4 жыл бала көтере алмаған. Амалы таусылған ол күйеуімен  ақылдаса келе, «эко» арқылы балалы боламыз деп шешім қабылдайды. Бүгінде шекесі торсықтай Икрам, Илхам, Ислам атты үш баланың анасы атанды. -Экомедке келіп Зухра Батырхановнадан емделдім. 7 айдың жүзін көріп, 3 ұлдың анасы атандым. Өзім сияқты келін, аналарға, көтере алмай жүргендерге осы эко жолмен тууды ұсынамын. Қуаныштан, жақсылықтан қашпау керек. Салтанат Байқошқарова мен «Экомед» Шымкенттің ұжымына алғысым шексіз – дейді ол.

Үшемдердің әжесі де дәрігерлердің кәсіби деңгейіне жоғары баға береді. Тек, жергілікті әкімдік үй мәселесін шешіп берсе деген өтініші  бар. Айта кетейік, Қазақстандағы бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы мен  «Экомед» емханасын репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова 1995 жылы ашқан. Бүгінде еліміздегі 4000 астам бала осы тәсілмен өмірге келген. Эко арқылы дүниеге келген алғашқы сәбилер бүгінде өз ұрпағын өрбітіп отыр. Сондықтан, «эко баладан нәресте туылмайды деген жаңсақ пікір»,- дейді мамандар.

Суықтың шамадан тыс денеден өтіп кетуі де бала сүю бақытынан айыруы мүмкін. Мамандар болашақ ата-аналарға барынша сақ болу қажеттігін ескертеді. Шымкенттегі адам ұрпағын өрбіту емханасы «Әр пациент ерекше» қағидаты бойынша тиісті емдеу шараларының бағасы  250-300 мың теңгеден  басталады. Ұрықты жатырға ендірген сәтінен, сәбидің өмірге келуінен дейінгі аралық мамандар бақылауында болады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #Үшем