$ 498.34  519.72  4.85

Арыста орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкентте арнайы штаб құрылды

Түркістан облысы Арыс ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласында Штаб құрылды. Штаб құрамында Шымкент қалалық білім басқармасы, цифрлық басқарма, кəсіпкерлік басқармасы, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасы, Ұлттық ұланның 6506 əскери бөлімі, Қазақстан теміржолы, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және психолог мамандар бар.

Цифрлық басқарма əлеуметтік желілер мен ватсапта балабақшадан бөлек эвакуацияланған балаларды ата-анасымен табыстыру мақсатында қызу жұмыс жасап жатыр. Төтенше жағдайлар басқармасы 15 бекетке ыстық тамақ пен сусын деп кезінде баруын жəне басқа да көмекке мұқтаж зардап шеккендерге психологиялық, моральды-материалды көмек көрсетуде.

87252 44-94-72 нөміріне тыным жоқ. Сағат 9:30-дан кешкі 18:00-ге дейін 2409 хабарлама келіп түскен. Хабарлама қалдырушылар негізінен баласын іздеген ата-ана. Туыстарын, бір-бірін іздеушілерден бөлек қайда, қалай орналасу бойынша да мəлімет сұрап хабарласқандар бар. Мұндай қауырт желі телефондары еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы қауырт желіге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жəне алыс-жақын шетелдерден хабарласып жатыр. Мəскеуден хабарласқан азаматтар да бар. Ұлттық ұланнан (6506 əскери бөлімі) 541 сарбаз қаласында халықты эвакуациялау, көмектесу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Арыс қаласында қызметте жүр. Шымкент қаласы бойынша 15 көшіру-жиналу бекеті құрылды.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары