$ 498.34  519.72  4.85

Шымкенттік кәсіпкер Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды

Шымкенттік танымал кәсіпкер, меценат Қайрат Молдасейітов кәсіпкерлер мен Шымкент қаласының, Түркістан облысының тұрғындарын Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың кесірінен зардап шеккен арыстықтарға көмек қолын созып, қолдау көрсетуге шақырды. Қайрат Молдасейітов өзінің үндеуінде былай деді:

 

Құрметті Шымкент каласының және Түркістан облысы азаматтары, кәсіпкерлері!

Бүгінгі Арыс қаласында болған жағдайға байланысты, Шымкент каласы Атамекен Кәсіпкерлер Палатасы қарамағында қаржылай көмек көрсету Фонды ашылды. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға және зардап шеккендер мен көшірілген қала тұрғындарына көмек көрсету қажеттілігіне байланысты мен өз атымнан 10.000.000 теңге бөлу туралы шешім қабылдадым.

Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді өңірімізде болған осындай қайғылы оқиғадан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсетуге шақырамын! Шет қалмай, барлықтарыңыз атсалысып көмектесуге келіңіздер! Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, Қайрат Молдасейітов.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #Арыс