$ 494.87  520.65  4.91

Тамара Дүйсенова ОҚО тұрғандарына жаңа еңбек кодексін түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Бес институционалдық реформаны ақпараттық қолдау мақсатында жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді.

Өңірге жасаған екі күндік сапары барысында Тамара Дүйсенова бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралап, бюджеттік қызметкерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, медицина қызметкерлері және еңбек азаматтарына, сондай-ақ, аудан, қала әкімдерінің орынбасарларына жаңа Еңбек кодексінің нормалары мен денсаулық сақтау жүйесі мен әлеуметтік қамсыздандыру жайын түсіндірді.

Кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов министрге азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы мәлімдеді.

«Біздің облыста көптеген әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда, оның ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы да бар. Жоспарланған жұмыстардың бірқатары орындалды. Мұнда Сіз басқарып отырған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің үлесі көп деп білемін», - деді облыс әкімі.

Жаңа жылдан бастап енгізілетін азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі бойынша азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген. Еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі қызметкерлер жалақысының сараланып арттырылуы күтіледі: - денсаулық сақтау саласында – 7% -дан 28%-ға дейін, - білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға дейін, - өзге салаларда – 28%-дан 40%-ға дейін. Сондай-ақ, қызметкердің білім, біліктілік деңгейіне, еңбек өтіліне және т.б. қарай өсім сараланатын болады.

«ҚР Жаңа Еңбек кодексі мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарының бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылауға алуды қарастырады. Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еңбек шарттары мен оның төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардың әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады», - деді Т.Дүйсенова.

Министр жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еңбек шарттары мен оның төлемақысын анықтау шаралары жеңілдетілгенін атап өтті. Сондай-ақ, негізгі еңбек кепілдемелері мен қызметкерлердің құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған.

Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтардың рөлі кеңейтілді, оның ішінде жақында қабылданған «Кәсіподақтар туралы» Заңда қарастырылған мүмкіндіктер де есепке алынды. Қазақстан Парламентінде ағымдағы жылдың 5 қарашасында мақұлданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңнамасында жұмыс берушілерге қызметкерлердің жалпы санынан 2-4% құрайтын мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін арнайы жабдықталған жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген квоталарды енгізуді міндеттеу қарастырылады.

Сонымен қатар, мүгедектердің жұмыс орнын қажетті арнайы құралдармен жабдықтауға арналған жұмыс берушінің шығындарын мемлекеттің субсидиялауы ұсынылады. Өз кезегінде, мүгедектерді шамадан тыс жұмыстар атқаруға тыйым салуды сақтау қарастырылады.

Жұмыс уақыты мен қысқартылған жұмыс уақытының жалпы есеп (аптасына 36 сағаттан кем емес) нормалары өзгеріссіз қалады. Облысқа жасаған жұмыс сапарының қорытынды жиынында Тамара Дүйсенова аудан әкімінің орынбасарлары мен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерімен бірге азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері жөнінде талқылады. Оның айтуынша өңірлік жұмыспен қамту кешенді жоспарының іске асырылуы нәтижесінде 311,6 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, жоспарланған көрсеткіштің 102 пайызын құраған. Ал «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 118,3 мың азамат жұмыс тапқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары