$ 498.34  519.72  4.85

«Штанын шешіп, аузымды жауып, ісін тындырды»: 25 жастағы өскемендік бойжеткен кафе дәретханасында қалай зорланғанын айтты

«Бір жігіт биге шақырды. Вальс биледік. Кейін өз столында қонақ етіп күтті».

25 жастағы өскемендік бойжеткен кафелердің бірінде өзін бейтаныс жігіттің қалай зорлағанын айтты. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы İnstagram әлеуметтік желісіндегі @kutpedim парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

«Өзім Өскеменнің қызымын. Алматыда оқыдым. Ауылда жұмыс істеп жатырмын. 

Осыдан 1 ай бұрын сыныптастарыммен кездесуге кафеге барғанмын. Сыра іштік. Масайып қалдым. Бір жігіт биге шақырды. Вальс биледік. Кейін өз столында қонақ етіп күтті. Ол жерде тағы іштім. Біраздан соң дәретханаға қарай кеттім. Жігіт артымнан келді. Мені уайымдағаны шығар деп ештеңе демедім. Бір кезде есікке менімен қосарланып кіріп, дереу құлыптады да, мені сүйіп, шешіндіре бастады. Менің әлім жетпеді. Қой дей бергенім сол еді, аузымды алақанымен жауып, штанын шешіп, ісін бітірді. 

Енді сол кезде неге арыз жазбадым деп өкінемін. Не істесем болады? Тек мені кінәламай, ақылдарыңызды айтыңыздаршы!» - деп жазды бойжеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Өскемен