Әлеумет 12.08.2019 сағат 12:56

94 см-ден аспауы қажет: қарынға жиналған май денсаулыққа зиян ба?

Мамандардың айтуынша, қарындағы май ішкі органдардың жұмысына да кері әсерін тигізеді.
94 см-ден аспауы қажет: қарынға жиналған май денсаулыққа зиян ба?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Медицина мамандары қампиған қарынның денсаулыққа қаншалықты зиянды екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Мамандардың айтуынша, қарындағы май ішкі органдардың жұмысына да кері әсерін тигізеді. Себебі ол майдан «4 ақуыз-ретинол» деп аталатын маркер бөлінеді. Соның салдарынан диабет туындайды. Бұдан бөлек, қарындағы май жүрек ауруына және сан-алуан ісікке себеп болады. Осыған байланысты дәрігерлер, әсіресе, ер адамдарға салмақты үнемі бақылап отыруға кеңес береді. Белдің көлемін өлшеп тұрған жөн. Орташа бойлы адамдарда белдің көлемі 94 сантиметрден аспауы қажет.

Ал қарындағы майдан құтылу үшін күнделікті рационды қадағалап, калориясы көп тамақты жиі жемеген дұрыс. Қарынның шығып кетуіне ұйқы режимін сақтамау мен күйзеліс те әсер етуі мүмкін. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар