$ 494.87  520.65  4.91

1,5 млн теңге: телефон арқылы секс қызметіне хабарласқан алматылық «Қазақтелекомға» қарыз болып қалды

Алматылық Анастасия Сердюкованың айтуынша, ол пайдаланбаған қызметтері үшін қарыз екен.

«Қазақтелеком» компаниясы Алматы тұрғынына телефон байланысы үшін 1,3 миллион теңге көлемінде шот-фактураны шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Алматылық Анастасия Сердюкованың айтуынша, ол пайдаланбаған қызметтері үшін қарыз екен. 

«Бір күні бізге «Қазақтелекомнан» қоңырау шалып: «Сіз қарызыңызды қашан төлейсіз?» - деді. Біз әрқашан уақытылы төлеп отырдық, ал қазір бізде өзге қызметтерге (телефон арқылы секс қызметі, балгер, танысу сайттары және т.б.) 1,5 миллион теңгеге жуық қарыз шығарып берді. Біз бұл қызметтерді пайдаланбағанбыз. Мен, жұбайым және кішкентай балам үшеуміз ғана тұрамыз. Үйімізді ипотекаға алдық, бізге мұндай сұмдықтың қажеті жоқ. Барлық қоңыраулар түнгі уақытта шыққан. Біз үйде болмаған кездерде де қоңыраулар жалғасқан. Бес күн ішінде біздің төлеміміз 1 миллион 318 мың теңгеге шарықтап кетті, күн сайын айыппұл мөлшері 100 мың теңгеден асады. Нәтижесінде, шамамен 1,5 миллион теңге. Біз аудиожазбалар сұраттық», - деді Анастасия Сердюкова. 

Оның айтуынша, әр қоңырау түнде жасалып, сағаттарға жалғасқан.

«Біз полицияға арыз жаздық, бірақ қараусыз қалғаны туралы хабарлама алдық. Прокуратураның көмегіне де жүгіндік. Үйге бейтаныс адамдар мүлде келмеді, бала да ештеңе баса алмайды. Біздің бұл қызметті пайдаланбағанымызға 100 пайыз сенімдіміз», - деп толықтырды Анастасия Сердюкова. 

«Қазақтелеком» АҚ мамандардың егжей-тегжейлі ішкі аудит жүргізгенін хабарлады, ол ағымдағы жылдың 25-30 маусым аралығында 23 *** абоненттік нөмірінен 8809 *** нөміріне қоңырау шалу фактісін растады.

«Абоненттік нөмірден барлық қоңыраулар түнде жасалды. Қоңырау мәліметтері сертификатталған биллинг жүйесімен расталды, соның негізінде көрсетілген қызмет үшін абонентке есепшот ұсынылды. Сонымен қатар бұл жүйе абонент нөміріне үшінші тұлғалар тарапынан заңсыз қосылудың жоқтығын растады», - деп хабарлайды компания. 

Компания көрсетілген нөмірге қоңырау шалу ақылы екенін атап өтті. Сөйлесудің бір минуты 1120 теңгені құрайды. Бұл туралы абонентке әңгіме басында айтылды.

«Ақылы платформаларға хабарласқан кезде қоңырау сағат сайын автоматты түрде үзіліп тұрады және сөйлесуді жалғастыру үшін абонент нөмірді қайта теріп, қоңыраудың құны туралы авто-ақпарат берушіні тыңдауы керек. Осылайша компания айыппұлдардың заңдылығын растайды. Келіспеген жағдайда абоненттің сот органдарына жүгінуге құқығы бар» , - деді «Қазақтелеком» өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#секс