$ 494.87  520.65  4.91

«Мынау енді билікке жақсы сылтау»: далаға тасталған бірнеше бөлке нан желіде қызу талқылануда

Автор оның қай өңірде екенін көрсетпепті. Тек «Тойып секіру деген осы шығар...» деген тақырып қоя салған.

Бүгін желі қолданушы Назгүл Айтбай‎ фейсбуктегі «ЖАҒА ҰСТАТТЫ!!!» тобына далаға тасталған тұтас бөлке нандардың суретін жүктеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жобамен қоқыс жәшіктері орналасқан тұсқа бір емес, екі емес, жүздеген бөлке нан тасталған. Автор оның қай өңірде екенін көрсетпепті. Тек «Тойып секіру деген осы шығар...» деген тақырып қоя салған. «Бұл қай жер?» деп сұраған жұртқа да еш жауап қатпаған.

«Иесін тауып, жауапқа тарту керек шығар», «Обал ай! Обал-сауапты білмейтін қай жердің нақұрыстары?», «Нанның киесі жаман болады. Тойынып кұтырғандар. Біреулер тоңып, біреулер тойып секіреді», «Осы нанға қолы жетпей жүрген жандар қаншама?!», «Турап-турап өзенге, көлге тастаңдар, қалада болсаңдар! Балықтар жеп қояды. Рахметін айтып», «Кептіріп, малы бар қожалықтарға алып кет десе, әкетеді ғой. Бордақылап отырған малға береді, жеммен араластырып» деп жазған өзге желі қолданушылар.

«Мынау енді билікке жақсы сылтау, халықты тойдырып отырмыз деуіне! Мүмкін билік істеп отыр ма екен?» деп те күдіктеніпті Қылышбек Сатаев есімді азамат.

Кім не десе де, «Ас атасы – нан» деп оны ерекше қастерлеген қазаққа бұл қылық жараспайды. Қазақ тастамады дегеннің өзінде, осы әрекетті жасаған кез келген адам нанның кепиетінен қорқуы тиіс еді... 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары