$ 494.87  520.65  4.91

Салт-дәстүр: «Қарсы құда» жайлы естуіңіз бар ма?

Жасыратыны жоқ, бұл құдалық маған тұрпайы естілді.
Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz

Қазан айында Ташкентте тұратын бөле ағамыз ұлын үйлендіріп жатыр екен. Кеше ата-анамды құдалыққа айтып келіпті. «Қуанышты бөліссең көбейеді» демей ме?! Бәріміз құтты болсын айтып, бізден қандай көмек керектігін сұрап жатырмыз. Қажет болса тойға атағанымызды алдын ала берейік деп ойлағанбыз. «Құдаларым түсінігі мол жандар. Бір-бірімізге сырымыз мәлім. Сіздің қызыңыз біздің үйде, біздің қыз сіздің үйде болса уайымдамаймыз. Көңіліміз тоқ болады. Әрі көпке шығындалмаймыз да деп екі жақтың келісімімен тойды белгіледік. Ұлыма да қыз ұнады. Бір-бірінің көңілінен шыққан соң, уақыт созбай тойды бастадық» деді бөлем.

Алғашында оның айтқандарын бәріміз түсінбей қалдық. 

«Қалай сонда? Кіммен құда болдың?» деді әкем. 

Бізден мұндайды күтпеген болу керек. Бәріміздің сұраулы жүзімізге кезек-кезек қарап шықты. 

«Қызым Рананың қайынсіңлісін келін етіп түсіріп жатырмыз ғой. Сіздер естімедіңіздер ме? Құда алыстан емес. Ескі құдаларым тағы да төрімнен орын алатын болды» деді шаттанып. 

Жасыратыны жоқ, бұл құдалық маған тұрпайы естілді. 

«Қазақта құдалықтың түрі көп. «Бесік құда», «Бел құда», «Сүйек жаңғырту, «Балдыз қалың» деген салттар бар ғой. Неге сонша таңданасыздар? Біздікі «Қарсы құда» деп аталады. 

ҚАРСЫ ҚҰДА дегеніміз – бір-біріне қыз беріп, қыз алады. Текті, көргенді жер болса, қызымды туғанындай қарап, өз әулетінен бөтенсітпесе, аяласа, ардақтаса қалай ол отбасының ұсынысын қабыл алмаймыз. Қанымыз бір емес қой. Жастар тіл табысты, көңілдері жарасты, бірін-бірі ұнатты. Бастысы, бақытты болсын!» деп ақталғандай болды. 

Иә, расында да өздеріңіз білесіздер, қазақта құдалардың түрі көп. 

Дереккөз: Ernur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары