2016 жылы оңтүстікқазақстандықтарды таза ауыз сумен қамту мақсатында 25 жобаны іске асыруға 6 млрд. теңге бағытталып, нәтижесінде 24 нысан іске қосылып, 13 елді мекендегі 160 583 адам таза ауыз сумен қамтылатын болады, деп хабарлады ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр.
Сондай-ақ, табиғи отынмен қамту мақсатында 24 инвестициялық жобаға облыстық бюджеттен 14,2 млрд. теңге қарастырылып отыр. Нәтижесінде 21 нысан іске қосылып, 48 елді мекендегі 80 008 адам газбен қамтылатын болады.
Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті қырық төртінші сессиясында облыстың 3 жылдық бюджеті бекітіліп, келер жылғы облыстық бюджеттің жалпы көлемі 268,9 млрд теңгені құрап отыр.
Сессияда бекітілген облыс бюджетінің нақты қай бағытта жұмсалатынын бұқаралық ақпарат өкілдеріне кеңінен түсіндіріп берген облыс әкімінің орынбасары басты мақсат қаржыны тиімді пайдалану екенін атап өтті.
Оның айтуынша, 2016 жылы білім саласына 27,4 млрд. теңге қарастырып, 23 білім беру мекемелерінің күрделі жөндеуден 45 білім беру нысандарының құрылысы жүретінін жеткізді. Нәтижесінде, 2016 жылдың соңына дейін 42 нысан яғни, 36 мектеп пен 6 балабақша іске қосылады. Оның ішінде 10 апатты, 9 үш ауысымды мектептер.
Ал қоғамдық тәтіпті сақтау үшін ішкі істер органдарының шығыстарына 11,5 млрд.теңге , денсаулық сақтау саласына 31,5 млрд.теңге, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне мемлекеттік қолдау және суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында 25,4 млрд теңге, 20 тұрғын үй нысаның құрылысына 4,9 млрд. теңге бағытталған. Және халықты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 18 нысанның құрылысына 6,7 млрд теңге жоспарланып, нәтижесінде, 17 нысан іске қосылып, 67 267 адам электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.
Баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары мәдениет саласына 2791,2 млн. теңге, спорт саласына 8309,8 млн теңге, халықты әлеуметтік қолдауға 3 630, 7 млн теңге, жол саласына жалпы 12,2 млрд теңге бағытталса, облыс деңгейінде кәсіпкерлік субьектілерінің қызметін оқу –әдіснамалық және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында 305 млн. теңге бөлінгенін айтты.