$ 494.87  520.65  4.91

«Көпбалалы аналарды масыл деп айтқан шенеуніктердің өздері масыл» - Олжас Сүлейменов

«Аналар – елдің үміті. Көпбалалы аналарды қолдау керек. Мен көпбалалы аналарды әрқашанда қолдаймын. Өйткені, менің анам көпбалалы болды».
фото: Асмира Ермекқызы
фото: Асмира Ермекқызы

Белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов елдегі көпбалалы аналар мәселесі мен соңғы кездері жиілеп кеткен митингілерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Жас Алаш».

«Аналар – елдің үміті. Көпбалалы аналарды қолдау керек. Мен көпбалалы аналарды әрқашанда қолдаймын. Өйткені, менің анам көпбалалы болды. Өзім сондай отбасынан шықтым. Көпбалалы аналарды масыл деп айтқан шенеуніктердің өзін солай атау керек. Олардың өздері масыл», - деді Олжас Сүлейменов.

Ақын бұл пікірін Алматыда өткен Семей полигонының жабылғанына 30 жыл өткеніне байланысты өткен жиында білдірді. Сондай-ақ, журналистер соңғы кездері жиілеп кеткен митингілер жайлы да сұрады.

«Мен бұл туралы аса хабарым жоқ. Дегенмен, бұндай жағдай бізде ғана емес, Ресейде де, өзге елдерде де жүріп жатыр. Ал бұл тек заң жүзінде қаралуы керек. Біз бұл істермен бұрын айналысып қойдық. Өзім митингілерде аз болған жоқпын. Мен өзім қысымның не заңды, не заңсыз екенін айыра алатын едім», - деді ақын.

Алматыдағы «Атакентте» Олжас Сүлейменов атындағы аллея ашылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары