$ 494.87  520.65  4.91

Тоқтаусыз тоналу үстіндеміз...

Жаңаөзендегі жанжалды оралмандардан көрген Құлыбаев кешірім сұрады ма осы?
фото:  facebook.com/DumanTanabas
фото: facebook.com/DumanTanabas

Тоқаев өзге мәселені тоқтата тұрып, президенттік мерзімін коррупциямен күреске арнаса болар еді.
Қандастар?
Оралман деген сөздің қадірін кетірген биліктің өзі. Жаңаөзендегі жанжалды оралмандардан көрген Құлыбаев кешірім сұрады ма осы?

Компаниялардың атын қазақша қойғаннан... қазақша сөйлеуді талап еткендерді «қара тізімге» енгізетін мекемелердің қазақтанып кетпесі белгілі.

Ұраншыл, дабырашыл дүниеден бойын аулақ ұстағаны жөн біздің президентке.

«Әй, жарайсың...» дейтін желідегі жұрттың жел сөзіне алдануға болмайды, оның сыртында елдегі әділетсіздікке күйініп, әрең жүрген жүздеген, мыңдаған халық бар.

Тоқаев айтатын әділдік коррупцияға қарсы күрестен басталса игі еді...
 

Думан БЫҚАЙ

facebook парақшасынан
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары