14.10.2019, 14:30

«Зар-еңіретіп»: қытайлар қазақ қызын еркінен тыс күштеп алуда (ВИДЕО)

Видеода қытай азаматы қазақ қызын зар-еңіретіп, жылатып, алауынан тыс үйіне әкетіп бара жатқаны көрсетілген.

Қазақ қыздарының елімізге келген қытай ұлты өкілдеріне тұрмысқа шығып жатқаны туралы ел ішінде таралған сөздер негізсіз деуші едік. Осы жолы ватсап желісінде таралған видеоға қарап, жағамызды ұстадық. Видеода қытай азаматы қазақ қызын зар-еңіретіп, жылатып, қалауынан тыс үйіне әкетіп бара жатқаны көрсетілген.

Бір қызығы, біздің қыз үстіне қызыл түсті той көйлегін киіп алған. Соған қарап, және таралған аудионы негізге ала отырып, қыз еркінен тыс өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып жатқанын аңғаруға болады.

Әзірше видеодағы қазақ қызы мен қытай азаматының есімдері белгілі бола қоймады.  

Дереккөз: adyrna.kz