$ 494.87  520.65  4.91

«Біздің халық дәретханада ғана қызығып оқиды»: Қазалыдағы «Көше кітапханасы» неге бос тұр?

Жазбаға пікір қалдырған өзге желі қолданушылар да «Есігін айқара ашып тұр ғой. Оқырмандар қайда?», «Кітаптарына ұры түскен бе?» деп қыжыртқан.

Қызылорда облысы Қазалы аудандық Орталық кітапханасының қызметкерлері оқырман үшін көшеге арнайы жәшік жасап қойған екен. «Көше кітпаханасы» деп аталатын оның екі есігі айқара ашық, ішінде бір кітап жоқ. Оңғар Саймосаев есімді азамат соны facebook парақшасына салып: «Іші толы кітап, тап тұйнақтай жинақы, шаң баспаған көше кітапханасын көргенде, қазалылықтар кітапты жақсы оқитын сияқты» деп жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазбаға пікір қалдырған өзге желі қолданушылар да «Есігін айқара ашып тұр ғой. Оқырмандар қайда?», «Кітаптарына ұры түскен бе?» деп қыжыртқан.

Бұл мәселеге қатысты «Қазалы Аудандық Орталық Кітапхана» деген өңкей бас әріпті атау иесі жауап берді.

«Құрметті Оңғар Саймосаев! Сіздің, фейсбук әлеуметтік желісіне «Көше кітапханасы» туралы салған постыңызды оқыдық. Көше кітапханасының негізгі мақсаты көпшілік оқырманды кітап оқуға және кітап алмасуға шақыру. Кітап арқылы адамның жан дүниесін байыту, рухани құндылықтарға қол жеткізу болып табылады. Көше кітапханасынан кез-келген азамат ұнатқан кітабын алып кете алады. Жұмыс уақыты шектеусіз – түскі үзіліссіз, демалыссыз. Ендеше, біз де бір-бірімізге сенім артып, қоғам мәдениетін өсіріп, кітапты дәстүрлі кітапханаларға ғана емес, көшедегі кітап жәшіктеріне салып, оқып болғасын қайтарып немесе орнына басқа кітаппен ауыстырып оқуға болады. Ерекшелігі бұл жерде ешқандай құжат талап етілмейді. ЖЕКЕ АДАМДАРДЫҢ ӨЗ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ.

Осы кезге дейін «Көше кітапханасына» кітапхананың тұрақты оқырмандары мен кітапхана қызметкерлерінің жеке кітапханасынан 600-ден астам кітаптар салынды. «Көше кітапханасының» бос тұрғаны оқырмандардың кітаптарды пайдаланып, оқығандығын білдіреді. Алайда, кітапты пайданалып, орнына әкеліп қоймағандығы, әрине, бізді де қатты қынжылтады» деп жазды Қазалы Аудандық Орталық Кітапхана.

Дегенмен, Талғат Жүсіп есімді азамат: «Біздің халықтың зияткерлік қарым-қабілеті дәретханада «қызығып оқуға» ғана жетеді ғой», - деп, ол кітаптардың кері қайтарылмауының себебін нақтылағандай болды.

Ал келесі пікір иесі Ақбота Сыздықованың уәжін сөзбе-сөз келтірсек, ол былай дейді: «Казалы ауданы ,басшылыктар китап окыса, дал булай болмайтын шыгар соттасып,Онгар агай оте орынды макала,Кеше балаларымнын жиналысына барып едим,китапка уйретиниздер дейди,Мен айттым деректорга оздериниз биринши окыйсыз ба китап деп, сол сиякты Казалы ауданы АКИМДИГИ, билим болими, деректорлар, китап окып, мынадай Шан тозан баспас еди. Оздеринизден улги кутеди Халыкк».

Оған Ринат Әбдіқалық деген жігіт: «Сізге де көп кітап оқу керек сияқты ғой», - деп еді, «шукир Окимын....дурыс айтасыз але де кобирек оку керек», - деп жауап қайтарды саспастан. Соған қарағанда, шынымен де «біздің халықтың зияткерлік қарым-қабілеті дәретханада «қызығып оқуға» ғана жететін» сияқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары