Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәжіліске «халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің жобасын таныстырды.
Жобаны талқылау барысында депутат Зағипа Балиева: «Сіз келтірген деректер бойынша, 25 жастағы жастардың 16 пайызы импотент, ал, жас қыздардың 30 пайызы бедеу, бала көтере алмайды», - деді.
Ал, министр жаңа кодекстің жобасы балалар мен жастардың денсаулығына бағытталғанын айтты. Жаңа кодекстің жобасында жасөпірімдер 16 жастан бастап ата-анасының қатысуынсыз психологтар мен психиатрлардан құпия кеңес ала алады. Түсік жасату, жынысын ауыстыру және тағы басқа медициналық қызметтерді алу 18 жастан басталады.
Дереккөз: arasha.kz