Жолдасым төсекте жалаңаш жатқанды жақсы көреді. Маған да осындай ұсынысты жиі айтады. Алайда мен түнгі киімсіз ұйықтай алмаймын. Ол осы үшін маған жиі ренжиді. Түнгі тірлікті бітірген соң, киімсіз жалаңаш денемен құшақтасып жатқанды жақсы көреді. Ал мен денем тоңазиды, одан қалды біреу кіріп келетіндей шешініп жата алмаймын. Осы үшін кәдімгідей ұрысқан кездеріміз де болды. Осы орайда сұрайын дегенім, жалаңаш ұйықтау дұрыс па?
Айза, Алматы қаласы
Күн түнге ұласқан сәтте азаннан кешке дейінгі күйбең тірліктен шаршаған кім кімнің де тәтті ұйқының рахатына бөленуге асығатыны бар. Түнгі ұйқыдан сән кетсе, ертеңгі күннен мән кетеді, ол - белгілі. Ұйқының адам өмірі үшін аса маңызды екені тағы анық. Сол себепті де ғалымдар ұйқыны жақсарту мақсатында тынбай еңбек етіп, түрлі амалдар ойлап табуда. Австралиялық ғалымдардың зерттеулеріне сенсек, түнде жалаңаш жатып ұйықтаған өте тиімді. «Неге?» дейсіздер ғой, жауаптары төмендегідей:
1. Түнгі кезде адам денесінің қызуы бір қалыпты болмаса, ол ұйқыға кері әсер етеді. «Негізі түнде ыстықтан гөрі сәл салқын жатқан пайдалы» деседі ғалымдар. Сондықтан да, түнде жалаңаш жатып көріңіздер. Айтпақшы, голландиялық ғалымдар тіпті мүлде тыр жалаңаш жатуға кеңес береді. Мұндай жағдайда ұйқы тәтті болатын көрінеді.
2. Егер ғалымдар айтқандай, сіз түнгі мезгілде анаңыздан туылғандай еш киімсіз жатсаңыз, бойыңыздағы кортизол гормонының бөлініп шығуы баяулайды. Өздеріңіз білесіздер, кортизол гормоны – стресс. Жалпы түнгі уақытта бұл заттың көлемі адам қатты ұйқыға кеткенде айтарлықтай азаяды екен. Ал адам таңертең оянарда оның да «белсенді жұмысы» қайта басталады. Егер ұйқы қанбаса, кім де кім болсын, күні бойы ашушаң болып жүреді. Айта кетейік, ұйқысы аздың тәбетінің күшейетіні былай тұрсын, шала ұйықтаған адамның салмағы арта береді, яғни мұндай жағдайда семіздікке әкеп соқтыратын гормондар күшейе түседі. Ұйқы жақсы болу үшін, көп кеңестің бірі ретінде, іш киімсіз жатып көріңіз.
3. Егер жатын бөлменің температурасы 21 градустан жоғары болса, гормондардың дұрыс жұмыс істеуі мен мелатониннің бөлініп шығуына кері әсер етеді. Ал гормондар мен мелатонинге «бөгет» жасау, олардың қалыпты жұмыс істеуіне, былайша айтқанда түлеп отыруына мүмкіндік бермейді. Демек, салқындау бөлмеде ұйықтасаңыз, ағзаңыз жай тауып, өзінше «жасарып» жатады.
4. Окситоцин – жақсы көңіл күйдің гормоны. Сондай-ақ, оны «ғашықтық гормоны» деп те атайды. Өйткені ол жыныстық қатынас кезде бөлінеді. Дәл осы зат көңіл күйді көтеріп, төсектегі белсенділікті арттырып, бойыңызға күш-қуат береді. Сонымен қатар, ішектердің бұлшық еттерін жақсартып, қан қысымын реттеп отырады. Жалаңаш күйдегі ерлі-зайыптылардың айқасқан құшақтары жыныстық қатынастың құмарын қандыра түсіп, ұйқы шақырады. Окситоциннің көбеюі дәл осы сәт. Ал мұндай гормон адамға аса қажет.
5. Жалаңаш жатқанның ең тиімді жері – ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қарым-қатынасты жақсартып, оларды бір-біріне жақындастыра түседі.
Дереккөз: alashainasy.kz