$ 498.34  519.72  4.85

18+: Алғашқы оргазмды 12 жасымда сезіндім

Қарнымның үстіңгі жағы, кеудем, қабырғаларым мен бүйректерім, яғни денем өз өзінен қытыққа толды. Бірақ күлдіретін қытық емес еді. Жыбырлаған, шымырлаған реакция. Бұл маған тек үлкен зауық алуыма және ұшып бара жатқандай сезінуіме себеп болды.
Фото: rebenok.by
Фото: rebenok.by

Алғашқы «нағыз» жыныстық тәжірибеге 12-13 жастарымда «ие болдым» ғой деймін. Жаздың кезі болатын. Біздің ауылда жазғы шілдеде далада жатамыз. Түнде ұйықтап жатқан болатынмын. Терек жапырақтарының сыбдыры құлағымды қытықтап ұйықтап жатқан едім. Өңім бе түсім бе білмеймін, ұшып бара жатқандай сезіндім. Қарнымның үстіңгі жағы, кеудем, қабырғаларым мен бүйректерім, яғни денем өз өзінен қытыққа толды. Бірақ күлдіретін қытық емес еді. Жыбырлаған, шымырлаған реакция. Бұл маған тек үлкен зауық алуыма және ұшып бара жатқандай сезінуіме себеп болды. Артынша пенисімнен шыққан сперманың нәтижесінде алғашқы оргазмыма бөлендім. Бұл ләззат бәлкім кейінгі барлық жыныстық тәжірибеме себеп болды. Бұл оқиғадан кейін әр түрлі эротикалық немесе эротикалық емес түстер (мысалы түсімде үнемі көлік жүргізетінмін) көріп, жыныстық рахатқа кенелетінмін.

Емшегімнің ұшының қап-қатты болғаны есімде. Бұл да 12-13жастарымда болды ғой деймін. Сонымен қатар бір күні тестикулдарымның (халықтық тілде дорба, ташақ деп аталатын еркектік бездер) көптеп тамырлап кеткенін байқадым. Бұл мені қатты қорқытты. Анама сұрағаным есімде. Анамның еш саспай, қысылмай «есейіп жатырсың балам, уайымдама» дегені есімде. Есею сол күннен бастап менде жыныстық мүшелеріммен байланысы бар ұғымға айналды. Жиырмадан асып алғашқы жыныстық қатынасымды жасағанға дейін солай болды…

Мұса, 38 жас

Дереккөз: uyatemes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оргазм