$ 494.87  520.65  4.91

«Ата-аналар қызының, ұлының түнде қайда жүргенін, қашан үйге келгенін білмейді» - Бердібек Сапарбаев

Қазір мұғалім мәртебесі жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр. Өкінішке орай, кейінгі кезде ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігі нашарлап кеткен.
Фото: camonitor.kz
Фото: camonitor.kz

Жұмыс сапарымен Ақтөбеге келген Бердібек Сапарбаев қала тұрғындары мен қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Үкімет басшысының орынбасары бала тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігіне көңіл аударуды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Тәртіп болуы үшін қоғам мен билік жұмыс істеуі керек. Біздің міндетіміз - спорт, шығармашылықпен айналысу үшін жастарға жағдай жасау. Қазір мұғалім мәртебесі жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр. Өкінішке орай, кейінгі кезде ата-аналардың балалары алдындағы жауапкершілігі нашарлап кеткен. Ол жөнінде талай айтқанбыз. Қызының, ұлының түнде қайда жүргенін, қашан үйге келгенін білмейді. Сондықтан біз ата-аналардың да жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ең негізгісі бірігіп жұмыс жасауымыз керек. Сол кезде тәрбие де, тәлім де болады", - деді Бердібек Сапарбаев.

Өңірге үкімет басшысымен бірге білім, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі және ақпарат және қоғамдық даму, денсаулық, мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері келді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары