$ 494.87  520.65  4.91

Ер адам ұйқысырап жатып, әйелін ұрып тастаған

Рон Уайтхолл бұдан бұрын айкезбе болған көрінеді. Ол кейде машинада оянып, тіпті, бірнеше рет баспалдақтан да құлап кеткен.

АҚШ-тың Ашленд қаласының тұрғыны сирек ұйқы ауруына шалдыққан, деп жазады КТК арнасы.

Рон Уайтхолл бұдан бұрын айкезбе болған көрінеді. Ол кейде машинада оянып, тіпті, бірнеше рет баспалдақтан да құлап кеткен. Кейінгі кезде ол түсіндегі ісін өңінде қайталайтын болыпты. Оның бұл әрекетінен көп жағдайда 41 жылдан бері бірге тұрып келе жатқан әйелі зардап шегеді екен. 

Түсінде жыланмен немесе бұзақылармен арпалысқан кезде ол байқаусызда жанында жатқан әйелін ұрып жіберетін көрінеді. Соның салдарынан жұп екі бөлек ұйықтауды жөн көріпті.  

«Қазіргі таңда Рон дәрігерлердің көмегіне жүгініп, ем қабылдау үстінде», - деді күйеуінен ұйықтап жатқанда таяқ жеген әйелі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұйқы