Әжетхана дейміз-ау, экономикалық орталық саналатын Алматыда 1200 орындық мектепте 3500 бала оқытып жатқан ошақтар бар. Храпуновты ұры делік, одан бергі қазақ әкімнің ешбірі шаһардың көсегесін көгерте алмады. Әдемі сөйлеп жүріп асфальт "асап", бордюрдан тиын жасап, трамвайды түгімен жұтып кетіп жатыр. Болашағын кітаппен, оқу орнымен, қала берді, "іш-ш" ететін жермен қамтамасыз ете алмаған Үкімет мұнай компанияларын Қытайға сатуды "бизнес" етеді.
Қазір әжетхана мәселесі қызу талқыланып жатыр, біреулер сала бастар, оған миллиондап ақша да бөлдірер. Тек инфляция деген опырып барады, бұрын 180 мың теңгең 1000 доллар болса, қазір 500-ге жетпейді. Бұлай жүре берсе, ел ішерге ас таппай қиналуы мүмкін. Ондайда "Аш халыққа әжетхананың керегі не?" деген логикалық сұрақ туады. Әжетхана деген бір-бірімен матасқан әлеуметтік проблемалар мұзтауының ұшы ғана екенін жоғарыдағы ақылмандар сол күйі түсінбеді-ау деймін, сөздері біртүрлі...
Серік Әбікенұлы,