$ 498.34  519.72  4.85

Оралдық оқушылар сабақтан тас қараңғыда қайтуға мәжбүр

«Бізге ол машина қақпауы үшін берді. Біз оны сөмке және курткамызға тігіп, 18:30-да қараңғы шыққанда бізді машина қақпауы мүмкін. Себебі, машина жүріп бара жатқанда көлік біздің мына жылтыраған лентаны көріп тоқтайды».
фото: Kostanaytany.kz
фото: Kostanaytany.kz

Орал қаласы көшелерінің жартысынан астамында жарық жоқ. Олардың қатарында әлеуметтік маңыздағы нысандар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Сондықтан ата-аналар кешкісін балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдайды. Сондай-ақ бұл қылмыстың өршуіне және жол-көлік апаттарының жиілеуіне себеп болуда. Оралда құрылыс саласында серпіліс бар. Алайда, инфрақұрылымға айтарлықтай көңіл бөлінбей отыр. Мектеп оқушылары сабақтан тас қараңғыда қайтуға мәжбүр. 

Мирас Мүлкәй, қала әкімінің орынбасары: 

«Біз бұл мәселеден хабардармыз. Бұған дейін де мектеп ұжымы осы сұрақ бойынша әкімдікке жүгінген. Болашақта жолдық екі жағынан жарық шамдарын орнатуды жоспарлап отырмыз. Қуат көзі білім ошағынан таратылады. Қазір барлық шығын есептеліп жатыр». 

Аталған мәселе айта-айта жауыр болған. Шешімін таппаған соң 46 орта мектептің ұжымы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, оқушыларға жарық шағылыстыратын таспаларды таратып берді. 

  Ғалым Ахат, оқушы: 

«Бізге ол машина қақпауы үшін берді. Біз оны сөмке және курткамызға тігіп, 18:30-да қараңғы шыққанда бізді машина қақпауы мүмкін. Себебі, машина жүріп бара жатқанда көлік біздің мына жылтыраған лентаны көріп тоқтайды». 

Жарықтың жоқтығынан облыс орталығында қылмыс саны артып, жол-көлік апаты да жиілеген. Полиция қызметкерлері осылай деп дабыл қағуда. 

Әлия Наурызғалиева, облыстық ПД баспасөз қызметкері: 

«Жарықтың жоқтығына байланысты жыл басынан бері полиция қызметкерлері жауапты мемлекеттік органдарға 30-ға жуық нұсқама жолдады. Өйткені, халықаралық трассалар мен елді мекендердің маңында жол-көлік апатының саны артып отыр. Мұндай мәселе облыс орталығында да бар». 

Былтыр облыс орталығында 50-ден астам жаяу жүргіншілер жолағы жарықтандырылды. Ендігі кезек – әлеуметтік нысандар. Жалпы қазіргі таңда шаһарда 600-ге жуық көше болса, олардың жартысынан астамында әлі күнге жарық жоқ.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары