Абай атамыз айтқандай, «не нәрсенің де шегі болады, шектен шықса - боғы шығады». «Сергекті» әр 50-60 метрге орнату – шектен шығу.
«Сергекпен» бүкіл көшелерді көмкердің бе, айыппұлды азайт!.. Айыппұлдың мөлшері тым көп болуы – шектен шығу. Жүз мыңдап айыппұл төлеу миллионерлер үшін түк емес шығар, и то олар төлесе деңіз! Олар көбінесе «бармақ басты, көз қыстымен» жабады. Ал қара халық үшін әрбір айыппұл – кәдімгідей шығын.
«Сергек» арқылы қарапайым халықтың соңғы тиынын қағып алатын жайттар көп кездеседі... Айлықтан айлыққа әрең ілініп жүргендер қаншама! Таксовать етіп, бала-шағасын асырап жүргендер қаншама!
«Сергектің» арқасында 6-7 млрд ақша жиналды» деу – шектен шығу...
Кеше ғана жасы 30-дан асса да үйленуге жағдайы болмай жүрген жиен інімді Алматыда (Рысқұлов-Жансүгіровте) сағ. 23-24 шамасында, бір күнде тапқан 4 мың теңгесінің 1 мыңын таксиге қимай үнемдеп, жаяу келе жатқанда үш қарақшы пышақ көрсетіп, ұрып, тонап, сол бір күндік жалақысымен бірге жаман Нокиа телефонын алып кетіпті. Бет-аузы қан-қан боп, үсті-басы лай боп, жалғыз мүгедек шешесімен жалдап тұрып жатқан пәтеріне кіріп барғанда, әпкеміз талып құлап қалыпты...
Адамдарды аңдығыш камералар, жүргізушілерді аңдығыш «Сергектер» неге қылмыскерлерді аңдымайды? Неге сондай қылмыс болуы мүмкін қауіпті жерлерге орнатылмайды? Неге дамып кеткен техниканы қылмыскерлерді азайтуға пайдаланбайды? Қылмыскерлерді ұстауға келгенде соқыр, керең боп қалатын полисай неге адамдарды аңдып айыппұл салуға шебер? Неге халықтың қалтасын қағуға келгенде алдарына жан салмайды?
Керемет «сергек» екен, неге әр үйге, әр қуыс көшелерге, әр қалтарыстарға орнатып, ұры-қарыларды, қанішерлер мен педофильдерді ұстамайды???
«Сергек» керек-ақ, бірақ, бүгінгідей «қайтсек халықтан көп айыппұл өндіреміз?» деген мақсатта емес, «қайтсек жол апатын азайтамыз, қайтсек адамдардың өмірін құтқарамыз?" деген мақсатта орнатылуы керек!
Еуропадағы бір елге барған бір құрбым айтып еді, «көше қиылыстарында камералар көп, бірақ, көбісі істемейді, – «муляж, пугач». Яғни, халықты тонау үшін емес, жол ережесін бұзбау үшін, тәртіп сақтау үшін «көз ғып» орнатқан» деп. Ал бізде ше?..
Байлықтың үстінде, ұлан-байтақ жерде небәрі 18 млн халық отырып, «Сергектің» АРҚАСЫНДА 6 млрд теңге жиналды» деп қуанамыз... Мұндайға қуанбау керек, еңіреп жылау керек! Қысқасы, «боғы шыққан» билік, есі ауысқан қоғам...
Сәуле Әбілдаханқызы, Facebook парақшасынан