$ 447.4  477.55  4.76

«Позордың позоры болдық әлем алдында»: «әжетхана жыры» сарказмға айналды

"Мәртебе" заңын бүктеп қалтаға салып қойдық. Туалетке...", "Сенің әйелің  деп жауап бермей ме?!", "Полицейлер өздері күзетсін!", "Миға қонымсыз", - деп қоғамдық оқиғаларға немқұрайлы қарамайтындықтарын білдіріпті.
фото: atpress.kz
фото: atpress.kz

Тараздағы мектеп ауласындағы әжетханада оқушы қызды зорлап кеткендігі туралы  оқиға көптің жағасын ұстатып, биліктің де назарын аударған болатын. Осы оқиғадан кейін көптеген аймақтарда білім басқармалары мен  мектептердің бюджеті, ахуалы тағы бір пысықталғаны дүйім жұртқа аян. Тіпті, "Тараздағы мектептердің сыртында орналасқан әжетханаларды оқу ғимаратының ішіне орнастыру керек" деп даурығып, оған қанша қаржы керектігін де жауаптылар есептеп шығарып қойған болатын. Десе де қоғамдық дүмпу мен  жауаптыларды аяғына тік тұрғыздан оқиғадан кейін бұл жайтқа байланысты ел ішіндегі әжуалау мен мысқылдаудың өрті әлі де басылмай тұр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Бірі мектептердегі әжетханалардың суретін салып, желіде бастырмалата жазба жазса, енді бірі шет елдердегі мектептердің дәретхаларымен біздің елдігі жағдайды салыстырып әлек.Тіпті, facebook  әлеуметтік желісінде Мейіржан Темірбек есімді аккаунтпен тіркелген азамат мынадай сурет жүктепті. 

Суретте қоғамдағы жайтты  әжуалайтын мектеп әжетханасы мен оған кіріп-шыққан оқушылардың бас амандығын күзетіп, кезекшілік етіп тұрған ұстаздардың кескіні бейнеленіп, "Мектеп", "Бүгін туалетте қай мұғалім кезекші?" деген сөздер жазылған.

 Желі белсендісінің мына суретті жүктегеніне нәбәрі бір сағат болса да, 13 адам бөлісіп, 60 шақты адам "Ұнайды" белгісін басып үлгерген. Бұл суреттің астына субьективті пікір білдіргендер де жоқ емес.

 Мысалы, журналистердің құқығын қорғауға атсалысып, барынша шырылдап жүрген "Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының сарапшысы Ғалия Әженова "Позордың позоры болдық әлем алдында)))", - деп  желі арқылы үн қатыпты.

 Басқа желі қолданушылары болса, "Мәртебе" заңын бүктеп қалтаға салып қойдық.Туалетке...", "Сенің әйелің  деп жауап бермей ме?!", "Полицейлер өздері күзетсін!", "Миға қонымсыз", - деп қоғамдық оқиғаларға немқұрайлы қарамайтындықтарын білдіріпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары