$ 498.34  519.72  4.85

Арыста сыныптас қызды алып қашпақ болған жігіт бостандыққа шықты

Осы оқиғаға байланысты Қазақстанның әйелдер күші альянсы барлық ата-анаға, оқу орындарының басшылығына, жастардың тәрбиесімен айналысатын барлық ұйымға үндеу жасайды.
Видеодан сурет
Видеодан сурет

Арыста қыз алып қашқан видео желі қолдануышларын біраз шулатты. Осыған қатысты Қазақстанның әйелдер күші альянсы төрағасының орынбасары Азиза Шужеева Facebook парақшасында оқиғаның қалай өрбігенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мен қауымдастық атынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен байланысқа шығып, осы жағдайдың мән-жайын анықтадым. 

Қызын алып қашқан ана полицияға арыз түсірген болатын. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бойжеткен оған ешқандай шағым түсірмейтінін айтып, арызын қайтып алды. Сол себепті, жігіт бостандыққа шықты.

Оңтүстіктегілердің салт-дәстүрі мен менталитеті осындай деп айтпауды сұраймын. Бұл - басқа жағдай. Жастардың құқықтық сауатсыздығын білдіреді. Олар өздерінің әрекеттеріне жауап бере алмайды. Осы оқиғаға байланысты Қазақстанның әйелдер күші альянсы барлық ата-анаға, оқу орындарының басшылығына, жастардың тәрбиесімен айналысатын барлық ұйымға үндеу жасайды.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жастардың құқық жөніндегі білімін жетілдіру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек», - деді Азиза Шужеева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс #қыз