$ 514.65  544.6  5.17

Леңгір түрмесінде жазасын өтеуші отбасына әсерлі ВИДЕО-құттықтау жолдады

Батырхан Ахметов - Леңгір колониясында өте ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан 400 тұтқынның бірі.

Колония қызметкерлері сотталған адамға отбасына арнап жаңажылдық бейнеқұттықтау жазуға рұқсат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батырхан Ахметов - Леңгір колониясында өте ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан 400 тұтқынның бірі.

Ол мерзімінің жартысына жуығын - 15 жылдың 7 жылын өтеген. Жаңа жыл қарсаңында Батырхан ерекше өтінішпен колония басшылығына жүгінді.

Ол түрме басшылығынан өзінің отбасына құттықтау видео-хабарламасын жазуына рұқсат сұрады.

«Ол колонияның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны және жұмысқа дұрыс көзқарасы үшін 11 кешірім алды. Мекеме басшылығы оның өтініші қанағаттандырылғандығы туралы есеппен ҚАЖД-ға жолдады», - деп хабарлады Түркістан облысы бойынша ҚАЖД аға инспекторы Сәбит Сопиев.

Батырхан Ахметов алдымен түзелу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Сосын әйелі мен балаларына арналған жүрек тебірентерлік сөздерін жеткізді. Видеода оның дауысы дірілдеп тұрғаны сезіледі. 

«Менің сүйіктілерім, жаңа жыл құтты болсын! Сіздерде бәрі жақсы болғанын қалаймын. Елімізге лайықты азамат боп өсіңдер. Мен... сүріндім, бірақ, жақын арада кездесеміз деп сенемін. Мен осында болғандықтан, балаларым, анаңның амандығы сенің мойныңда. Естеріңде болсын, сендердің басты арқасүйерің - аналарың», - деді Батырхан Ахметов.

ҚАЖД өкілдері Батырханның ұлы мен қызына әкесінің атынан және түзеу мекемесінің басшылығынан сыйлықтар табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары