$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлдық кәсіпкерге жергілікті билік құрылысы аяқталған дүкенін ашқызбай отыр (ВИДЕО)

Енді соттың шешімімен Татьяна Змеева құрылысты бұзып, сауда үйін 6 метрге кейін тұрғызуы тиіс. Ал іскер әйел бекітілген жобаның аяқастынан заңсыз болуын түсінбей дал.

2023 жылға дейін шағын және орта бизнесті тексеруге тыйым салынды. Бұл салада жөн-жосықсыз қысымның әлі де тыйылмай тұрғаны жасырын емес, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар24» арнасының жаңалығына сүйене отырып.

Осындай жағдайға тап болған солтүстік қазақстандық кәсіпкер Татьяна Змеева телеарнаға хабарласып, көмек сұраған. Ол Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласынан жер алып, екі қабатты сауда үйін сала бастапты. Енді құрылысы әлдеқашан біткен сол дүкенін аша алмай отыр.

«Құрылыс басталысымен неше түрлі тексерістер көбейіп кетті. Мемлекеттік сәулет-құрылыс қызметкерлері, өрт сөндірушілер жағынан бақылау күшейді. «Атамекенге» жүгіндім. Олар «бұл тексерістерді жергілікті мемлекеттік қызметкерлер ұйымдастырып отыр» деді», - дейді Татьяна Змеева.

Бір тексеріс құрылысқа іргелес тұрған дүңгіршектің иесінен басталған. Оның айтуынша, өртке қарсы талап сақталмаған. Кәсіпкердің шағымын төтенше жағдайлар қызметі де растап отыр.

Енді соттың шешімімен Татьяна Змеева құрылысты бұзып, сауда үйін 6 метрге кейін тұрғызуы тиіс. Ал іскер әйел бекітілген жобаның аяқастынан заңсыз болуын түсінбей дал.

«Әрине, ақылға қонбайтын жағдай. Біз әр құрылысты қуана құптаймыз. Бұл жерде кәсіпкерлер келіспей отыр. Сондықтан іс сотқа жетті», - дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Азамат Қыраубаев.

Татьяна Змеева қазір соттан сотқа сабылып жүр. Ол аппеляциялық шағым түсіріп, Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне де арыз жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары