$ 444.22  476.38  4.82

Өскемендік азаматтар Арбатқа көлігімен кіріп кеткен

Олар «темір тұлпарларын» фотосуретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Ал ол суреттері өзге оқырмандармен қатар, тәртіп сақшыларының да назарына ілікті...

Өскеменнің Бейбітшілік көшесіндегі Арбатқа көлікпен кіріп кететіндер бар екен. Бұл көшеде көлікпен жүруге тыйым салынғанына қарамастан, жаңа жыл қарсаңында оңды-солды ойқастаған қаланың екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат портталы, Altaynews-ке сілтеме жасап.

Арбатқа көлікпен кіріп кеткені былай тұрсын, олар «темір тұлпарларын» фотосуретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Ал ол суреттері өзге оқырмандармен қатар, тәртіп сақшыларының да назарына ілікті.

Полиция оларды жедел түрде анықтап, қазір осы оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып жатыр.

Еске сала кетсек, жаңа жыл қарсаңында Қызылорда қаласындағы орталық алаңға көлікпен кіріп кеткен бұзақылар да мейрамның сәнін келтіретін безендірулерді қиратқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары