$ 494.87  520.65  4.91

«Анашым, сізді жақсы көремін»: Атырауда жұқа мұзға түсіп кеткен 4 балаға қатысты тың ақпарат пайда болды (ВИДЕО)

Сол маңда болған тағы бір жеткіншек достарының өзенге түсіп кеткенін полицейлерге хабарлап үлгерген.

Атырауда төрт бала ойнап жүріп, мұздың астына түсіп кеткен. Оларды құтқаруға полицейлер келіпті. Балаларды судан шығарып жатқан сәт тәртіп сақшыларының бірінің видеожетонына түсіп қалған, деп хабарлайды облыстың ПД баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға жайлы зардап шеккен 11 жасар баланың анасы Құралай Мусина айтып берді. Сөзінше 4 қаңтар күні кәмелетке толмаған төрт бала ойнап, қатып тұрған Жайық өзенінің бетіне кетіп қалыпты. Олардың салмағын көтере алмаған мұз сынып, төртеуі де суға түсіп кетеді.

Сол маңда болған тағы бір жеткіншек достарының өзенге түсіп кеткенін полицейлерге хабарлап үлгерген. Хабар келіп түсе салып, капитан Қуандық Сүйіндіков пен лейтенант Тимур Балмағанбетов дереу балаларды құтқаруға аттанапты. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 2004 жылғы және 2005 жылғы балаларды сыртқа шығарып алыпты.

ПД жариялаған бейнежазбада полицейлердің балалардың даусын естіп, оларға жүгіріп бара жатқаны байқалады. Суда біраз уақыт қалып қойған жеткіншектердің денесі үсіп, аяқ-қолдары суықтап, қозғалмай қалыпты. Біреуі жағдайдың қауіптілігін түсініп қана қоймай, полицейлерді өздерін тастай салуын сұраған.

«Аға, мына жер сынып кетуі мүмкін. Бізді қоя беріңіз. Анашым, сізді жақсы көремін», – дейді бозбала.

Өкінішке орай, полицейлер тек үш баланың өмірін сақтап қалыпты. 2004 жылғы төртінші баланың денесі суға батып кеткен.

Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізіліпті. Батып кеткен баланың денесін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау #мұз