Қазір әлеуметтік желілерде үш бала ерткен үш әйелдің мектеп оқушыларына кәмпит, моншақ білезік таратып жүрген видеосы тарауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олардың қай ұлттың өкілдері екені белгісіз. Желі қолданушылардың бірі қытай десе, енді бірі кәріс дейді. Ал видеодағы автордың қазақша сөйлеп тұрғанын ескерсек, әйелдер қазақ мектебінің оқушыларын төңіректеп жүргенге ұқсайды.
Әйелдер видеоға түсіріп тұрған жігіттің «Не таратып жүрсіңдер?» дегенін түсінбеген сыңай танытса, олардың жетегіндегі балалардың бірі беталды жылай жөнеледі. Ал кейбір желі қолданушылар әйелдердің қазақша білетіндерін айтуда. Көшеде сөйлеп жүргендерін көріпті-міс.
Алайда, кейбіреулер бұл жағдайдың Қырғызстанда болғанын жазып жатыр. Ресми тексеріліп, нақтыланбаса, жұрт оны осылайша сан-саққа жүгіртіп отыра беруі және үшеуінің мектеп оқушыларына күдікті заттарын әлі де тарата түсуі мүмкін.